Жарияланған күні: 29.09.2022 09:29
Өзгертілген күні: 29.09.2022 09:30

ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары А.С. Панбаев бастаған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясы Сингапурға жұмыс сапарымен барды.

Сапардың мақсаты PSA сингапурлық компаниясымен өзара ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанда әзірлеуге және енгізуге ұсынылған, CrimsonLogic компаниясы әзірлеген Сингапурдың кедендік басқарудың ақпараттық жүйесін зерделеу қажеттілігі болды.

2022 жылғы 21-23 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК өкілдерінің және CrimsonLogic сарапшылар тобының жұмыс сессиялары өтті. Total Facilitation Platform (TFP) платформасы мен Customs Management System (CMS) кедендік басқару жүйесінің жұмысын көрсету және талқылау жүргізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі өзара ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және өзара іс-қимылды іске асыру кезінде мәселелерді пысықтау үшін екі тараптан бірлескен сарапшылар командасы құрылды.

Жұмыс сапары барысында PSA басқарушы компаниясы Сингапурдың теңіз портында болды, сондай-ақ Сингапурдың Кеден өкілдерімен кездесулер өткізді, олар Сингапурдың кеден қызметін дамыту және трансформациялау стратегиясы туралы ақпаратпен бөлісті.