Жарияланған күні: 29.12.2022 09:15
Өзгертілген күні: 29.12.2022 09:15

2022 жылғы 27 желтоқсанда Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігінің ғимаратында бетпе-бет режимде ҚР ҚМ МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е. Қожабергеновтың Қытай Халық  Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы кеден қызметінің өкілдері Юй Сяньтао мырзамен және Сюй Вэйпин мырзамен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар 2022 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жылға арналған жоспарларды талқылады.

Е. Қожабергенов бірлескен күш-жігердің арқасында ағымдағы жылы жабық өткізу пункттерін ашуда, ПИ және СТОР жобаларын іске асыруда, сұрау салу-анықтамалық жұмыста және т.б. үлкен жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Юй Сяньтао сондай-ақ тығыз кедендік ынтымақтастықта және өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді, кездесулерді өткізудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар елдер арасындағы кедендік ынтымақтастық достық негізде құрылуын жалғастыратынына, ал қабылданған шешімдер жан-жақты өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.