Жарияланған күні: 05.05.2023 17:41
Өзгертілген күні: 05.05.2023 17:41

Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №426 бұйрығымен «Кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді ұсыну үшін негіздемелердің растау қағидаларын және кедендік әкелу баждарын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешімнің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізеді.

Өзгерістер елорданың Астана қаласы болып қайта аталуына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты енгізілді, осы өзгерістерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне өзгертілді, сондай-ақ өзгерістер редакциялық түзету болып табылады.