Жарияланған күні: 24.04.2017 15:08
Өзгертілген күні: 24.04.2017 15:10
 Кедендік әкімшілендіру бойынша
 
     2017 жылдың 21 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша «Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеуге бақылау жасау» және «Клиентпен таныс бол» Акциясы тақырыптарында «дөңгелек стөл» өтті.
      «Дөңгелек стөлге» СЭҚ қатысушылары, «КазАгроФинанс» АҚ Жамбыл филиалы, «Ұлттық сараптама орталығы» АҚ Жамбыл филиалы және облыстық БАҚ өкілдері шақырылды.
     Акцияның мақсаты тауарларды рәсімдеу барысында туындайтын мәселелер бойынша СЭҚ қатысушыларына білікті консультациялық көмек көрсету және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеуге бақылау жасау болып табылады.   
      Кеден заңнамаларына енгізілген және жақын арада енгізілетін маңызды өзгерістер кедендік ресімдеу мерзімінің және бақылаудың қысқаруы мен жылдамдығына, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің сапасын жақсартуына бағытталған.         
      Акция аяқталғаннан кейін, қатысушылар сұхбат беріп және журналистердің сұрақтарына жауап берді.