Жарияланған күні: 10.11.2017 15:04
Өзгертілген күні: 10.11.2017 15:06
Кеден өкілдеріне, кедендік декларациялау жөніндегі мамандарына
және өзге де мүдделі тұлғалардың назарына.
     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтиханнан өту уақыты:
2017 жылдың 22 қараша сағат 10:00.
      Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгелді көшесі 188, КББ кабинеті.
     Біліктілік емтиханнан өту үшін, емтихан өтетін күнге дейін 3 күн бұрын, еркін нысандағы өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.
      Өтінішке:
1)  жеке басын куәландыратын құжат;
2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;
3)  3,5х4,5 сантиметр көлемінде екі түрлі - түсті суреті қоса беріледі.
      Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7262) 450914 байланыс телефонына хабарласыңыздар.