Жарияланған күні: 20.07.2017 18:44
Өзгертілген күні: 20.07.2017 18:46
Кеден өкілдеріне, кедендік декларациялау жөніндегі мамандарына және өзге де мүдделі
тұлғалардың назарына.

     Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтиханнан өту уақыты:

     2017 жылдың 27 шілде сағат 10:00.

     Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгелді көшесі 188, КББ кабинеті.

     Біліктілік емтиханнан өту үшін, емтихан өтетін күнге дейін 3 күн бұрын, еркін нысандағы өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органына ұсыну қажет.

     Өтінішке:

1)  жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;

3)  3,5х4,5 сантиметр көлемінде екі түрлі - түсті суреті қоса беріледі.

     Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7262) 450914 байланыс телефонына хабарласыңыздар.