Жарияланған күні: 08.09.2016 10:28
Өзгертілген күні: 08.09.2016 10:29

Кеден өкілдеріне, кедендік декларациялау жөніндегі мамандарына және өзге де мүдделі тұлғалардың назарына.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтиханнан өту уақыты:

2016 жылдың 28 қыркүйек сағат 10:00.

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгелді көшесі 188, КББ кабинеті.

Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыстау қажет.

Өтінішке:

1)  жеке басын куәландыратын құжат;

2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;

3)  3,5х4,5 сантиметр көлемінде екі түрлі - түсті суреті қоса беріледі.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7262) 450914 байланыс телефонына хабарласыңыздар.