Жарияланған күні: 27.12.2022 15:33
Өзгертілген күні: 27.12.2022 15:34

Дүниежүзілік сауда ұйымының «Сауда рәсімдерін оңайлату туралы» Келісімінің 7-бабы 6.1-тармағын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау және агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеттерінің бірлескен бұйрығын орындау үшін тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

«Нұр жолы» өткізу пунктінде – 2022 жылғы 19 желтоқсаннан,

«Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде – 2022 жылғы 21 желтоқсаннан бастап.

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерінде тауарларды шығарудың орташа уақытын айқындау уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде жарты жылда бір рет жүргізіледі.

Зерттеуге жататын уақыт кезеңі 7 жұмыс күнін құрайды.

Тауарларды шығарудың орташа уақыты туралы мәліметтерді қалыптастыру үшін уақытша көрсеткіштері тауарларды жеткізу орнында тиісті кедендік рәсімде тауарлар шығарылғанға дейін шекаралық және кедендік бақылау аймағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне автокөлік құралдары кірген сәттен бастап есептеледі.

Қазақстан Республикасында тауарларды шығару уақытына зерттеу жүргізу тауарлар келген сәттен бастап оларды іс жүзінде шығарғанға дейін жұмсалатын нақты уақытты өлшеуге, сондай-ақ тауарларды шығаруға ықпал ететін «осал тұстарды» анықтауға, одан әрі жетілдіру үшін мүмкіндіктерді айқындауға және қолданыстағы рәсімдер мен бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.