Жарияланған күні: 08.02.2024 11:10
Өзгертілген күні: 08.02.2024 11:11

«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап фильтрлі сигареттер және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап темекі өнімдерінің өзге де түрлері стиктер, сигаралар, сигариллалар, кальян темекісі және т.б. таңбалануға жатады.

Өз кезегінде, темекі өнімдерін таңбалау өндірілген сәттен бастап, импорт қоса алғанда, қадағалау мүмкіндігін береді. Осындай таңбалаудың арқасында тұтынушыларға сатып алынатын тауарлар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Осылайша, қабылдау/беру актісіне темекі өнімдері бойынша бағасын қосу үшін.

Осылайша, акциз маркалары алынып тасталуына байланысты, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдері тек қана сәйкестендіру құрылғыларымен таңбаланады.

Бөлшек саудадағы сатушыларға таңбаланған темекі өнімдерімен жүмыс істеуді оңайлату мақсатында «Темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы әзірленді.  

Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14925426).