Жарияланған күні: 04.12.2023 09:05
Өзгертілген күні: 04.12.2023 09:06

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес келтіруге байланысты (ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді) «Интернет-платформаларды пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзге тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру мерзімі мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді. Бұдан басқа, бұйрықтың осы жобасымен интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғалардың салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындауын жеңілдетуге арналған пилоттық жобаның қолданылу мерзімін 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14822504 ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 30 қарашасында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 14 жетоқсанына дейін.