Жарияланған күні: 25.02.2024 17:23
Өзгертілген күні: 25.02.2024 17:24

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемінен жеке табыс салығын ұстап қалу туралы өтініштің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 273 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының  жобасын (бұдан әрі - Жоба) әзірледі.

Жобаны қабылдаудың мақсаты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 1) -тармақшасын іске асыру болып табылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы бөлуді қажет етпейді.

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

Бұйрық 2024 жылғы 1 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында орналастырылды  https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1948651&type=2.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі-2024 жылғы 15 ақпанға дейін.