Жарияланған күні: 08.02.2024 11:05
Өзгертілген күні: 08.02.2024 11:06

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  бұйрықтың жобасын (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) әзірледі.

Бұйрық жобасының мақсаты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 15-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келтіру болып табылады, оған сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап деректерді тіркеу немесе беру функциясынсыз БКМ қолданатын салық төлеушілер ғана ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны есепке алу кітаптары мен тауар чектерін, сондай-ақ жою, қайтару чектерін және жою мен қайтару операциялары жүргізілген чектер басып шығарылған немесе толығымен толтырылған күнінен бастап бес жыл бойы сақтайды.

Бұл ретте, Онлайн-БКМ қолданатын салық төлеушілер бойынша барлық есептер мен чектер Фискалдық деректер операторларының серверінде сақталады және салық органдарына жедел режимде беріледі.

Бұйрық жобасы https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14913489 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2024 жылғы 30 қаңтарда орналастырылған. Бұйрық жобасын жариялы талқылау жүргізу мерзімі - 2024 жылғы 12 ақпанға дейін.