Жарияланған күні: 26.11.2023 12:35
Өзгертілген күні: 26.11.2023 12:35

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба борышкердің мүлкін сатудан түскен сомалар бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарау бөлігінде Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аудиторлық қорытындысын орындау үшін, сондай-ақ «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл бойынша нақтылауға және сауда-саттықты ұйымдастырушыдан компанияның банктік шотына ақша аудару мерзімдерін қысқартуға қатысты енгізген ұсыныстарын әзірленді.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14812464 ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 23 қарашада орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 7 желтоқсанға дейін.