Жарияланған күні: 26.11.2023 12:36
Өзгертілген күні: 26.11.2023 12:36

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 16 қарашадағы №1198 бұйрығымен ҚҚС қайтару қағидаларына өзгерістер енгізілді, олар 2023 жылғы 4 желтоқсанда күшіне енеді.

ҚҚС қайтару қағидаларына елеулі пысықтаулар енгізілді, экспорттық операциялар бойынша ҚҚС қайтару рәсімін оңайлату бойынша бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстары ескерілді. Атап айтқанда:

- анықталған бұзушылықтарды жою үшін "Пирамида" талдамалық есебін қалыптастыру мерзімдері қысқартылды;

- "Пирамида"есебі бойынша бұзушылықтар анықталған кезде қайтаруға ҚҚС сомасын айқындау алгоритмі нақтыланды.

Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде МКК бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп ҚҚС қайтару рәсімін одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.