Жарияланған күні: 04.12.2023 09:07
Өзгертілген күні: 04.12.2023 09:07

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 1217 бұйрығымен      2023 жылғы 2 желтоқсанда күшіне енетін «салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрықта салық өтініштерінің мынадай нысандары бойынша өзгерістер енгізілді:

- салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініші;

- салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш.