Жарияланған күні: 26.12.2022 08:30
Өзгертілген күні: 26.12.2022 08:31

    «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 1290  бұйрығы (әрі қарай – Бұйрық) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)                       130-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілді.

      Аталған Бұйрықты қабылдаудың мақсаты «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты 2023-2024 жылдары ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту болып табылады.

      Осы Бұйрық Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175653 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған.