Жарияланған күні: 04.12.2023 09:01
Өзгертілген күні: 04.12.2023 09:02

2023 жылғы 20 қараша мен 22 қараша аралығында Жетісу облысы және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері үшін "Қорғас ХШЫО", "Алтынкөл-жол" к/б АҚШ Мемлекеттік департаментінің экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» арнайы оқыту курсы ұйымдастырылып, өткізілді.

Дәріскерлер ретінде:

- Қасымқұлова Лаззат Тұрдақынкыновна - ОӘО басшысының орынбасары;

- Абилкасимова Сара Жукановна - ОӘО басшысының орынбасары;

- Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы болды.

Қатысушылар:

- жүктерді интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;

- сканерлердің техникалық сипаттамасымен;

- жасыру әдістерімен;

- тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарын, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етумен;

- перспективалық орналасу және рентгендік бейнені терең талдаумен таныстырылды;

Тыңдаушылар рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

Курстың қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, МКО-ның 32 қызметкеріне және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 3 қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.