Жарияланған күні: 08.11.2023 14:29
Өзгертілген күні: 08.11.2023 14:30

Ағымдағы жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында  Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері үшін "Б.Қонысбаев" «ст.Сарыағаш» кеден бекетінде ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді.

      Дәріскерлер ретінде:

      Касымкулова Лаззат Турдакыновна  - ОӘО басшысының орынбасары;

      Абдреимова Меруерт Рабатовна - ОӘО-ның цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы қатысты.

      Курстың негізгі мақсаты - ИТК техникасы мен экипажының кешенді жүйесі болып табылатын кедендік бақылаудың сапасын арттыру, ИТК операторларының ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтерімен сканерленген бейнелерге біліктілік талдауын жүзеге асыру.

      Қатысушылар:

     - жүкті интрузивті емес сканерлеу үшін рентгендік технологияларды қолдану;

     - сканерлердің техникалық сипаттамасы;

     - жасыру әдістері;

     - тыйым салынған заттарды (жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді, есірткі заттарды, контрабандалық тауарларды және т. б.) іздестіруді және анықтауды қамтамасыз етуге;

     - ИТК рентген-суреттерінің нәтижелері бойынша органикалық және бейорганикалық заттарды тануды талдау;

     - рентгендік бейненің перспективалық орналасуы және тереңдетілген талдауымен танысты.

       Курс қорытындысы бойынша Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің 17 қызметкері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 5 қызметкері оқудан өтті. Тыңдаушылар  рентген-телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын, сондай-ақ қол жүгі мен багажды жіктеуді, кедендік шекара арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектелген заттарды анықтау мақсатында жүк көлік құралдарын тексеруді игерді.

      Семинар соңында қорытынды тестілеуден өткен қатысушыларға сертификаттар табысталды.