Жарияланған күні: 04.02.2019 18:11
Өзгертілген күні: 04.02.2019 18:14

    Етті мал шаруашылығын дамытудың 2018-2027 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы 100,0 мың бас ірі қара малының тірі асыл тұқымды мал басын импорттау қарастырылғанын хабарлайды.

    Жануарларды фермерлер импорттаған кезде малды асыл тұқымдық куәлікпен (сертификатпен) немесе оған балама құжатпен алып жүреді.
     ҚР "асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" Заңының 1 бабының 7 тармақшасына сәйкес асыл тұқымды мал – Республикалық палатада тіркелген тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды мал.
      Сонымен қатар, 2013 жылғы 12 наурыздағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 4 ұсынысына сәйкес, 0102 21 және 0102 31 субпозицияларындағы Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номеклатурасының (1-5 том) түсіндірмелерінде "таза тұқымды асыл тұқымды малдар" термині құзыретті ұлттық органдардың "таза тұқымды" санатына жатқызылған асыл тұқымды малдарды ғана білдіреді.
   Сонымен бірге, ҚР Салық кодексінің 427-бабына сәйкес асыл тұқымды малдарды және тірі ірі қара малды импорттау кезінде қосылған құн салығын "есептеу әдісімен"төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

   Осыған байланысты,  ҚР "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" заңына сәйкес таза тұқымды мал асыл тұқымды жануарларға жататындықтан, таза тұқымды малды импорттайтын ауыл шаруашылық тауарлар өндірушілеріне ҚҚС есепке алу әдісімен төлеуге мүмкіндігі бар.