Жарияланған күні: 24.05.2018 15:54
Өзгертілген күні: 24.05.2018 15:59

     Еуразиялық экономикалық одағы тауарларының Еуразиялық экономикалық одағы кеден аумағынан кету орындарында орналасқан шекара өткiзу пункттерiнде көлiк құралдарының жиналуын болдырмау үшін, 2018 жылдың 24 мамырында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері СЭҚ қатысушыларының, кедендік өкілдерінің және тасымалдаушылардың қатысуымен түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «дөңгелек үстел» өткізді.«Дөңгелек үстел» отырысында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану, аяқтау және қолданысын тоқтату ерекшеліктері,  Еуразиялық экономикалық одағы Кеден кодексінің жаңалықтарының бірі болып табылатыны түсіндірілді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тек қана қызмет аймағында (өңірінде) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында мынадай жағдайларда:

      1) жолаушылар пойыздарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары теміржол көлігімен тасымалданса;

      2) аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте осындай тауарларға қатысты кедендік әкету баждарының мөлшерлемелері белгіленсе;

      3) тасымалдау шарттарында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтарында жүк операцияларын жасау көзделсе, жасалады.

     Аталған ережелерге қарамастан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне әуе көлігімен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар тек қана кету орнының кеден органында жасалады.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен жолаушылар поездарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын кедендік транзиттік кедендік рәсімімен орналастыруға байланысты кедендік операциялар, қызмет аймағында Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жөнелтуші орналасқан кеден органында жасалады.Қызмет аймағында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне теміржол көлігімен жолаушылар поездарының құрамында жүретін пошта, багаж (пошта-багаж) вагондарында тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын түсіру жүзеге асырылатын кеден органының кедендік бақылау аймағы Еуразиялық экономикалық одақтың осындай тауарларын жеткізу орны болып табылады.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумақтары арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының бір бөлігінен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының басқа бөлігіне және (немесе) теңізбен тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімінің қолданысы тауарларды жеткізу орнында аяқталады.