Жарияланған күні: 12.12.2023 09:05
Өзгертілген күні: 12.12.2023 09:05

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 9 желтоқсанда сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Астана қаласының уақыты бойынша "электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінде жүйенің бос тұруымен жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін Сіздің назарыңызға жеткізеді. Көрсетілген уақыт аралығында ақпараттық жүйе қол жетімді болмайды.

Жүйені жаңартуын өткізу кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі функционалдың жұмысының өзгеруіне байланысты жүргізіледі, оның ішінде келесілер іске асырылатын болады:

- тауарларды ЕАЭО елдерінен тауарларды бір тұлға шегінде тасмалдау кезінде ресімделген тауарларға ілеспе жүкқұжат бойынша Салық төлеушінің виртуалды қоймасына кіріске алу мүмкіндігі;

- тауарларды тасмалдауға ресімделген тауарларға ілеспе жүкқұжатты түзету мүмкіндігі.