Жарияланған күні: 26.12.2022 08:33
Өзгертілген күні: 26.12.2022 08:34

«Есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен кірісті айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы ЭЫДҰ-ның «Зиянды салық практикаларына қарсы іс-қимыл» BEPS 5-стандартын іске асыру мақсатында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 293-бабының 4-3-тармағына және 709-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді, ол қолдану үшін міндетті стандарттардың бірі болып табылады.

Осы стандартта корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктерді тек Қазақстандағы қызмет бөлігінде және экономикалық мазмұнда және нексус тәсілінің талаптарына сәйкес шығыстардың негізділігі кезінде беру көзделеді.

Осы стандартқа сәйкес «Астана – Технополис» АЭА, «Инновациялық технологиялар паркі», «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі, сондай-ақ IT және сәулет саласындағы қызметті жүзеге асыратын АХҚО қатысушылары үшін экономикалық мазмұнда және нексус тәсілінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда КТС бойынша салық жеңілдіктерін қолдануды шектеу қажет.

Осы бұйрықты қабылдаудың мақсаты «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың және арнайы экономикалық аймақтар аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайту қолданылатын зияткерлік меншік объектілерінен түсетін табысты айқындау және ақпараттандыру саласында қызметтер көрсету болып табылады.

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 15.12.2022ж. 15 желтоқсанда №1287 қабылданды, 2022 жылғы 19 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31144 болып тіркелді.