Жарияланған күні: 04.04.2023 08:27
Өзгертілген күні: 04.04.2023 08:28

 

       2023 жылғы 27-28 наурыз аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) «Келешек» психологиялық орталығы» ЖШС бірлесіп «Эмоционалды күйіп қалу. Тұлғаның стресске төзімділігін қалыптастыру» тақырыбына Zoom платформасы арқылы вебинар өткізілді.
    Іс-шараның мақсаты – теориялық білімді игеру және эмоционалды күйіп қалу синдромының алдын алу бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру және жанжалдарды тиімді басқару дағдыларын игеру арқылы адамның кәсіби құзыреттілік деңгейін жетілдіру.

 

       Тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 162 қызметкерлері қатысты.
       Вебинарды өткізу бойынша дәріскер - Астана қаласындағы «Келешек» психологиялық орталығы» ЖШС директоры Наталья Николаевна Семененко сөз сөйледі.
       Вебинар барысында қатысушылар стресстің себебі және қалай анықтайтынын, стресстің даму кезеңімен, темперамент түрлерімен және мінез-құлық стильдерімен танысты.
      Конфликтік жағдайлардың түрлері, эмоцияналды шиеленісті арттыру техникалары және эмоцияналдық күйіп қалудан шығу жолдары қарастырылды.
      Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, олрға толық жауаптар берілді.