Жарияланған күні: 11.09.2018 16:43
Өзгертілген күні: 11.09.2018 17:01
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының
 1-кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау
 
     Бүгін, 2018 жылдың 11 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының 1-кезеңінің Жамбыл облысы бойынша тамыз айының жеңімпаздарына салтанатты түрде бағалы жүлделерді табыстау рәсімі өтті.
    Сыйлықтардың бақытты иегерлері болып Тараз қаласының тұрғындары Сұлтан Талғатұлы Аманбаев, Сұлтан Ерланұлы Жанысбаев және Мойынқұм аудынының тұрғыны Жұмакүл Алимкешева атанды. 
     Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Гүлмира Құндызбекова жеңімпаздарды құттықтап,  жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар – тұрмысқа қажетті техника табыстады.
     Құттықтау сөзінде Г. Құндызбекова жеңімпаздарды Акцияға белсене қатысқандарына алғыс айтып, супержүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алуына тілектес болды. Сонымен қатар, Акцияға қаншалықты көп фискалды чектердің қатысқаны сайын, бас жүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алу ықтималдығының зор екендігін атап өтті. Жеңімпаздарға туған-туысқандарын, дос-жарандарын тарту арқылы Акцияға қатысушылар санын көбейту туралы тілек айтылды.
    Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және 2018 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.