Жарияланған күні: 03.09.2018 11:15
Өзгертілген күні: 03.09.2018 11:17
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының
 1-кезеңінің - тамыз айының ұтыс ойыны
 
    Бүгін, 2018 жылдың 3 қыркүйегінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясы аясында ұтыс ойынын өткізіп, 1-кезеңінің – тамыз айының ұтыс ойынының үш жеңімпазын кездейсоқ сандардың электронды регенирациясы арқылы анықтады.
    Ұтыс чектерінің иегерлері болып 10.08.2018 ж. № 6653521 ID чегімен Сұлтан,  14.08.18 ж. № 6695875 ID чегімен Жұмакүл және 25.08.2018 ж. № 6831287 ID чегімен Сұлтан атанды.    
    "Чек талап етіп - жүлде ұтып ал!" Акциясы ҚР «Атамекен» ҰКП және ҚР ҚМ МКК 2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін екі кезеңде өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылады.
    Бірінші кезең барлық облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өтеді.
   Екінші кезең, Акцияның қорытынды ұтысы 2018 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтуі жоспарланып отыр, бас жүлде - жеңіл автокөлік.
   Қорытынды ұтыс ойынына Акцияның қағидаларына сәйкес келетін, 2018 жылдың 21 мамырынан бастап 30 қараша аралығында жіберілген   барлық чектер қатысатын болады
   Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.