Жарияланған күні: 04.12.2023 09:10
Өзгертілген күні: 04.12.2023 09:11

   2023 жылғы 29 қараша – 1 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік кеден ұйымының аккредиттелген сарапшылары экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» мәселелері жөнінде диагностикалық миссиясын жүргізеді.

     Миссия ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында МКК орталық аппараты қызметкерлерінің және «ЭҚО» АҚ Бірыңғай терезесінің ақпараттық жүйесін әзірлеушілер компаниясының қатысуымен өтеді.

     Бұл миссияның мақсаты экспорттық-импорттық операциялар бойынша «бірыңғай терезе» тетігінің даму жағдайына талдау жүргізу және «бірыңғай терезе» тетігін одан әрі дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

     ДКҰ - ның сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі келісімінде белгіленген шаралар кедендік рәсімдерді барынша оңайлатуға және біріздендіруге, тауарларды шекара арқылы тасымалдауды жеделдетуге, ашықтықты арттыруға, сондай-ақ сауда мен шаруашылық операциялардың болжамдылығына бағытталған.

     Экспорттаушылар мен импорттаушылардың кедендік рәсімдерден өтуі кезінде «бірыңғай терезе» қағидатын енгізу сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін озық құралдардың бірі болып табылады.

     Қазақстанның сауда рәсімдерін оңайлату, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету инфрақұрылымын дамыту жөніндегі міндеттемелерін орындау мақсатында Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы жұмыс істейді.

    Іс шара барысында сарапшылар ДКҰ құралдары мен стандарттары, ДКҰ деректер базасының моделі, кедендік жаһандық желісі бизнес процестердегі жаңашылдықтар және шетел мемлекеттерінде «Бірыңғай терезе» принципін енгізу тәжірибесі бойынша ақпарат берді.

    Миссия аяқталғаннан кейін сауда операцияларын жеңілдету бойынша жаңа әдістерді де, озық халықаралық тәжірибені де ескере отырып, тиімділікті арттыру үшін жақсартулар енгізуге болатын салаларды анықтау күтілуде.