Жарияланған күні: 01.12.2022 12:00
Өзгертілген күні: 01.12.2022 12:01

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» АЖ-да зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу модулін іске қосатынын хабарлайды.