Жарияланған күні: 08.06.2023 08:58
Өзгертілген күні: 08.06.2023 08:59

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі шеңберінде «таза парақтан» реттеу енгізілді.

Үкімет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен

(бұдан әрі – ҰКП) бірлесіп бизнеске қойылатын барлық талаптардың толық тізбесін – Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін

(бұдан әрі – Тізілім) қамтитын бірыңғай базаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның ведомстволары да аталған жұмысқа қатысты.

«Таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҰЭМ) кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге

(бұдан әрі – НҚА) өзгерістер енгізу жөніндегі реттеуші мемлекеттік органдардың жұмысына күн сайын мониторинг жүргізеді.

Мәселен, ҚР ҰЭМ мәліметтері бойынша талдау қорытындысы бойынша 37 салаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететін 633 НҚА анықталды, оның ішінде бүгінгі күні:

- шамамен 141 НҚА әзірленуде;

-  шамамен 212 НҚА келісуде;

- 200 НҚА бекітілді.

Сондай-ақ, 80 НҚА бойынша жұмыстарды бастау үшін тиісті заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

ҚР ҰЭМ «Атамекен» ҰКП – мен бірлесіп жетекшілік ететін салалар бойынша салалық мемлекеттік органдар енгізген ұсыныстар негізінде «таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулердің бірыңғай пулын (бұдан әрі – Бірыңғай пул) қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді.

Бірыңғай пул жобасы 51 заңнамалық актіге 386 түзетулерді қамтиды.