Жарияланған күні: 23.05.2023 14:19
Өзгертілген күні: 23.05.2023 14:20

Құрметті салық төлеушілер!

 

Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар БКМ 2.0.2 нұсқасының хаттамасына қайта бағдарламалау қажеттілігін назарыңызға жеткізеді.

Бүгінгі күні Фискалдық деректер операторларының мәліметтеріне сәйкес, БКМ жалпы санының 326 900 немесе 33%-ы 2.0.2 Хаттамасына өтпеген.

Осыған байланысты Фискалдық деректер операторлары онлайн-БКМ 2.0.2 нұсқасының Хаттамасына жалпыға бірдей көшіру бойынша жұмыстар жүргізуде.

2.0.2 нұсқасының хаттамаларынан өзге хаттамада жұмыс істейтін онлайн-БКМ, ауысқан кезде, Фискалдық деректер операторлары тарапынан БКМ бұғаттаулары болуы мүмкін.