Жарияланған күні: 26.07.2019 15:41
Өзгертілген күні: 26.07.2019 15:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

26 шілде 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ.

2019 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ 4 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕ САЛЫҚ ТҮСТІ

ҚР ҚМ МКК құзырындағы мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар бірінші жартыжылдықта мемлекеттік бюджетке 102,6% - ға, республикалық бюджетке 101% - ға және жергілікті бюджеттерге 107,5% - ға орындалды.

Бұл туралы бүгінгі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында белгілі болды. Алқа жұмысына аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің басшылары, ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының басшылық құрамы мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік бюджетке 4 126,0 млрд. теңге жоспар кезінде 108 млрд. теңгеге асыра орындалып, нақты 4 234 млрд. теңге түсті, оның ішінде:

- республикалық бюджетке жоспарланған 3 094 млрд. теңге болса, 31 млрд. теңгеге асыра орындала отырып, 3 124 млрд. теңге түсті;

- жергілікті бюджетке 1 032 млрд.теңге жоспармен 1 109 млрд. теңге түсті, 77 млрд. теңгеге асыра орындалды.

Сонымен қатар, салықтық және кедендік әкімшілендіру есебінен бюджетке салықтар мен кедендік төлемдердің қосымша түсімдері бойынша жоспар 162% - ға орындалды.

Жоспар бойынша 213,5 млрд.теңге болып, нақты түсім 345,8 млрд. теңгені құрады.

Жартыжылдық жоспарды орындау бойынша ең жақсы көрсеткіштерге Атырау (106,7%), Ақтөбе (105,6%) және Маңғыстау (104,9%) облыстары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері қол жеткізді.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында салықтық бақылауды жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 19,2 пайызға артқанын атап өту қажет.

Тәуекелдерді басқару жүйесімен тағайындалған кедендік тексерулердің тиімділігі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5 есеге артты.

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)