Жарияланған күні: 29.01.2019 15:38
Өзгертілген күні: 29.01.2019 15:39

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №1093 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасынан 104309 «Елдi мекендердің жерлерiне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» бюджеттік сыныптама коды алып тасталынды.

      Осыған байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер салығы бойынша барлық төлемдерді «Елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы» 104302 бюджеттік сыныптама коды бойынша төлеу қажет.