Жарияланған күні: 08.09.2015 16:45
Өзгертілген күні: 08.09.2015 16:46

Кеден одағының кедендік шекарсы арқылы жеке тұлғалар өткезетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға, егер:

1)    мұндай тауарлар:

шикізат;

тауарларды өндіру үшін арналған, жартылай фабрикаттар;

жиынтықтаушы бұйымдар болып табылса;

2)    олардың саны мынандай көрсеткіштерден асса:

киім және киім заттары – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 2 (екі) зат;

төсек-орын керек –жарақтары – бір адамға бір түрдегі 2 (екі жиынтық);

кілемдер және басқа еденге жаятын тоқымалар – бір адамға бір атаудағы 2 (екі) зат;

бас киімдер – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 2 (екі) зат;

аяқ киім – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 2 (екі) зат;

ан терісінен жасалған бұйымдар – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 (бір) зат;

былғарыдан жасалған бұйымдар – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 (бір) зат;

дәретханалық керек-жарақтар мен парфюмериялық-косметикалық бұйымдар – бір адамға бір атаудағы 3 (үш) зат;

тамақ өнімдері – бір адамға атаудағы 3 (үш) зат;

ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тамымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 2 (екі) бірлік;

тұрмыстық техника және электр аспаптары – бір адамға әр атаудағы 1 (бір) зат;

зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бір адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бір адамға 1 (бір) дана;

жеке пайдалануға арналған жоғарыда аталмағанбасқа да заттар – бір адамға әрбір атаудағы 2 (екі) зат;

3)    кеден одағының кедендік шекарсы арқылы жеке тұлғаның және өту (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспайды.

2. Кеден одағының кедендік шекарсы арқылы өткізілетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсіпкерлік қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

3. Көрсеткіштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.