Дата публикации: 30.10.2015 09:11
Дата изменения: 30.10.2015 09:11

Мемлекеттік  кірістер органдарының  функцияларының  бipi - камералдық бақылау жасау.

      Камералдық бақылау - бұл салық төлеушінің табыс еткен салық есептіліктеріндегі мәліметтерді және салық төлеушінің қызметіне қатысты басқа да мәліметтерді зерделеу мен талдау болып табылады.

      Камералдық бақылау тәуекелдерді басқару жүйесінің кұрамдық бөлігі болып табылады, оның мақсаты салық төлеушіге өз еркімен қателіктерін жөндеуге мүмкіндік беру.

      Қaзipri кезеңде мемлекеттік кipic органдары­ның камералдық бақылау жұмыстары ақпараттық жүйелер шеңберінде жүгізіледі, яғни хабарламалар электронды түрде қалыптастырылады, жүргізіліп отырған жұмыста сыбайлас жемқорльқ құқық бұзушылыктарын болдырмай, мемлекеттік кірістep органдарының қызметкерлерімен салық төлеуші арасында жиі және тікелей байланысы үзіліп, қарым-қатынастары электронды түрде жасалуына қол жеткізілген.

       Нақтырақ айтатын болсақ, автоматтандырылған камералдық бақылаудың процедурасы орталық деңгейде, яғни, ҚР қаржы министрлігінің  Мемлекеттік кipicrep комитеінде icкe қосылып, хабарламалар салық төлеушілердің электронды кабинеттеріне жолданады.

      Салық төлеуші сальқ есептілігінде қателіктерді

үнемі жіберіп отыратын болса, мемлекеттің кipicтep органдарыньң көңілін өзіне аударады.

       Мысалы, салык төлеуші белгілі бip салықтық кезеңдердің салық есептілігін үнемі нөлдік көр-сеткішпен табыс етеді немесе бұрыс мәліметтерді көрсетеді ал шын мәнінде осы кезеңдерде салық төлеуші мекемелерге тауарлар өткізіп, қызметтер көрсетіп, пайда табады. Мемлекеттік кірістep органдары тарапынан камералдық бақылау жасау барысында осындай тектес басқа да кемшіліктер анықталып, ҚР Салык кодексіің 587-бабына сәйкес салық төлеушілерге кемшіліктерді жою туралы хабарлама жіберіп, салық есептілігіндегі  қателіктерді жоюға отыз жұмыс күні уакыт беріледі.

         Сонымен қатар, камералдық бақылау жүрізу нәтижеінде салық төлеушінін өткен кезеңдерде жалған  кәсіпорындармен  немесе тіркелуі заңсыз деп танылған мекемелермен есеп-айырысқандығы аныкталып, кемшілікті жою туралы хабарламалар жолданады. Бұндай жағдайда салық төлеушілер қосымша салық есептілгін табыс етіп, тиісті салықтарды төлеудің орнына, өзінің тауар өзінің тауар, қызмет жеткізушілерін ауыстырып, салық төлеуден жалтарады. Салық төлеушілермен жасап отырған осындай әрекеттің барлығы бюджетке төленуге тиісті салық міндеттемесін көлемін кемітеді. Бұл өз кезеңінде мемлекеттің, әлеуметтік-экономикалык. жағдайына да кері әсерін   тигізетіні сөзсіз.

         Мемлекеттік кірістеp органдары салық төлеу- тарапынан камералдық бақылау нәтижесімен хабарламалар жолданып, кемшіліктерді жоймайтын болса, салык телеуден жалтарып отырған жағдайларды анықтағаннан кейін салық төлеушілердің  қызметіне  салықтық тексеру жүргізеді, салық төлеушілерің әрекеттерін сот органдары арқылы заңсыз деп тану үшін заңдылыққа сәйкес шаралар қабылдайды.

    Берілген мүмкіндікті дер кезінде пайдаланбаған салық төлеушілерге бұньң соңы келешекте салықтарын өciмnұл, айыппұлдармен қоса төлеуге тура келіп, өздерін қолайсыз жағдайларға апаратыны мәлім.

     Салык төлеушілердің ұтымсыз жағдайға калмауы үшін бюджетке төленетін тиістi салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді салық заңнамасында қаралған мерзімде қазынаға толық мөлшерде төлеу арқылы салықтық мәдениеттілік танытқаны абзал.