Индустрияландыру және экономикалық өсу Мемлекет басшысы белгілеген бес институционалдық реформалардың маңызды бағыттары болып табылады.
Салық салу және кедендік әкімшілендіру саласында бұл реформалар жаһандық автоматтандырудың негiзгi процесі - мемлекеттiк кірістердің бiртұтас әкімшілендіру мәселелерiн шешуде алғашқы қадам болатын болса, ол қазіргі жұмыс iстеп тұрған салық және кеден жүйелерiнiң интеграциясына бағыт алған.
Қазақстанның Дүниежүзілiк Сауда ұйымына кiруi аса маңызды деген оқиғалардың бiрi болды. ДСҰ-на кiру импорттаушыларға тауарларды кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлерi бойынша әкелуге мүмкіндік берді. Бұл iшкi рынокқа әкелінетін тауарларға бағаның арзандауына алып келетiн жағымды жайт болып табылады.
Кеден аумағына тауарларды өткізу рәсімдерін жеңілдету үшін «Электрондық шот-фактуралар» АЖ «Виртуалды қойма» модулін пайдалану жоспарланып отыр, оған Виртуалды қоймаға кiрiске қабылданған көлеміне бірдей келуіне «ЭШФ» АЖ электрондық шот-фактураларды рәсімдеу жәрдемдесетін болады.
Бұл шаралар ЕАЭО елдерiмен және басқа да елдермен өзара сауда кезінде электрондық шот-фактураларды беруді, оның ішінде нақты уақыт режимінде ЕАЭО елдерiнің кедендік органдарына берген шот-фактуралар туралы мәлiметтерді беруді жүзеге асыруға мүмкiндiк береді.
Анықтама ретінде:
Заңда шот-фактураларды электрондық нысанда міндетті түрде жазып беруге кезең-кезеңімен көшу көзделген:
- 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап - уәкілетті экономикалық операторлар;
- 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – кеден өкiлдерi, кеден тасымалдаушылары, уақытша сақтау қоймаларының иелерi, кеден қоймаларының иелерi;
- 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - барлық ҚҚС төлеушiлер.
01.06.2016 жылғы жағдай бойынша:
- ЭШФ АЖ 28, 5 мың қолданушы тіркелген
- 4,7 млн. шот-фактура жазып беріліген;
- айналым 1, 2 трлн. теңге.
Тауарлардың айналымына бақылаудың тағы бiр аспабы қазір әзірленіп жатқан «Тауарларды таңбалау» АЖ болып табылады. Бұл жүйенi енгiзу - Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген немесе үлбірден жасалған бұйымдардың айналымын есепке алуға және бақылауға мүмкiндiк бередi.
Анықтама ретінде:
Тұтынушы үшiн артықшылығы: үлбiр бұйымдарының сапалы сипаттамалары және олардың өндірісінің заңдылығы туралы толық мәлiметтер, ал бизнес үшін - заңсыз сатылатын үлбiр бұйымдаран және нарықтағы адал емес бәсекенің қалыптасуынан қорғау.
Қазір «Зерде» ҒЗШ АҚ «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнiмiн әзірлеуге өтiнiмдердi қабылдау басталды.
Комитеттiң басты мiндетi клиентке бағытталған және бизнес үшiн қолайлы жағдай жасау болып қала береді. Осыған байланысты біз қазірдің өзінде мынадай шараларды іске асырдық:
1. тiркеу - СЭҚ қатысушы ретiнде тiркеу (АЖ деректер пайдаланады) қажет болмайды - қорыта келгенде, бизнес бір-ақ рет тiркеледi;
2. бiртұтас дербес шот - салық төлеушiлер мен СЭҚ қатысушы деп бөлмей клиенттi Бiртұтас дербес шотты жасау бойынша жұмысты аяқтау сатысында тұрмыз, кеден және салық төлемдерін онлайн төлеу функциясы жүзеге асырылды.
Анықтама үшін біріктірудің артықшылығы:
- есепке жатқызудың (қайтарудың) өткізілуін оңайлату;
- есепке алу нысандарының алуын оңайлату (Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің, Салық міндеттемесін атқару бойынша бюджетпен есепке алудың ахуалы туралы жеке шоттан көшірменің жоқтығы (бар болуы) туралы мәліметтер);
- берешекті өндіріп алудың шаралары мен тәсілдерін оңайлату;
- электрондық портал («Салық төлеушінің кабинеті», «Электрондық үкімет») арқылы бірыңғай жеке шоттарды қарауға қол жетімділікті ұсыну.
3. Тексерулер – салықтық және кедендік тексерулерді өткізу кезінде тексеру құжаттары біріздендірілген.
Анықтама үшін: ұйғарымның, қосымша ұйғарымның, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бірыңғай нысаны және т.б. бекітілді.
4. ТБЖ – бірыңғай деректер базасының негізінде, олардың тиімділігі артқан кезде тексеруге арналған сапалы іріктеуді жүргізуге мүмкіндік беретін ТБЖ жұмыс істейді, бұл ретте тәуекел критерийін анықтау әдістемесі де біріздендірілген.
5. Әкімшілік өндіріс – әкімшілік өндірісті жүргізу бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында іске асырылған.
Осылайша, салықтық және кедендік процестер мен жүйелерді интеграциялау мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді:
- Комитеттің құзырындағы мемлекеттік бюджет табыстары ағымдағы жылдың 7-ай қорытындысы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 43,5% немесе 1,0 трлн. теңгеге өсіп (2015 жылғы 7-айында – 2,3 трлн. теңге)
- ТБЖ тиімділігі – ағымдағы жылдың 7 айы ішінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5% (2015 жылғы қаңтар-шілде - 37,9 %) артумен 46,4% құрады;
- кедендік құнды түзету – ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша КҚТ саны 35% (2015 жылғы 7 айында – 26 001-ден 2016 жылғы 7 айында – 16 812-ге дейін) төмендеді, бұл ретте бір КҚТ арналған қоса есептеу сомасы 33% (440 718-ден 589 943 тг-ге дейін) өсті;
- кедендік тексеріп қараудың тиімділігі – 2015 жылы өткен жылмен салыстырғанда 6 есеге артты (2014 жылы – 0,3%);
- ҚҚС қайтарудың мерзімі қысқартылды
- тауарларды шығару үшін кедендік баждар мен салықтардың төленуін растау ЕДБ-ден «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүргізіледі;
- салықтық және кедендік даулардың нәтижелеріне сотқа дейінгі шағымдану рәсімдерін біріздендіру
- қазіргі уақытта ақпаратты қабылдау және өңдеудің салықтық орталықтарында сияқты, кедендік ресімдеу орталықтарында да мониторинг жүргізілетінахуалдық орталық жұмыс істейді;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жұмсалатын уақыт қысқартылуда;
Сонымен қатар, бизнес-ортаға аз араласумен жұмыс істейтін және рәсімдердің айқындылығын қамтамасыз ететін тиімді жүйені құру біздің мақсатымыз болып табылады, бұл кірістердің жалпыға бірдей декларациялаудың жақсы бастамасы үшін жағдай құрады.
Мұндай бастамаларды енгізу үшін біздің шетелдік әріптестермен жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде үздік халықаралық практикаға сәйкес келетін заңнамаға өзгерістер енгізіледі.
Осыған орай, бүгін ғана ресми жарияланған заңнамаға енгізілген өзгерістерге тоқтала кеткім келеді («Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жарияланған күннен бастап 60 күннен кейін, яғни 23 қазанда қолданысқа енгізіледі. Заңды іске асыруда қосымша 4 НҚА әзірленеді ол ақшаны немесе өзге мүлікті алғаны туралы мәліметтерді салық органына хабардар ету тәртібін реттейді, мерзімін, нысанын, деректер базасына енгізудің тәртібі және салықтық тіркеулер туралы).
Шетелдік дерек көздерден қаржыландыру алатын жеке және заңды тұлғаларда мемлекеттік кірістер органдарына есептілік ұсыну бойынша міндеттеме туындайды.
Бұл өзгерістер бизнес жүргізіп отырғандарға және есептілікті ұсынушыларға қатысты емес, бұл тек бұрын реттелмеген қызметтің 3 түріне ғанақатысты екенін атап айтамын:
· құқықтық көмек көрсету
· қоғамдық пікірді зерделеу (коммерциялық мақсатта жүргізілгендерді қоспағанда)
· ақпараттарды жинау, талдау және тарату.
Бұл ретте іске асырылатын шаралар хабардар ету сипатында болады, салық төлеушілердің құқығын шектемейді және оларды алуда және жұмсауда ашықтық рәсімдерін құруға бағытталған.
Мәселен мәміле жасалғаннан кейін 10 күн ішінде мемлекеттік кірістер органына хабарлама ұсыну қажет. Есептілік есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-і күніне тапсырылады – яғни есепті тоқсаннан кейін шамамен 45 күн бар.
Есептілікті келу тәртібінде, сондай-ақ үйден шықпай-ақ электронды түрде тапсыруға болады.
Анықтамалық: есептілікті мерзімінде ұсынбаған үшін әкімшілік жауапкершілік көзделеді, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Осындай қаржыны алған тұлғалар және оларды жұмсау туралы мәліметтер жарияланатын және ашық сипатта болады.
Осындай ұқсас тәжірибе ЭЫДҰ, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Израил елдерінде қолданылуда, осылайша жаңа енгізілім толықтай халықаралық талаптарға және ақпараттарды ашу және капиталдың ашықтық саясаты бойынша мәндеттемеге сәйкес келеді.
Өз сөзімді қортындылай келе, барлық іске асырылудағы іс-шаралар бизнес-ортаны жақсартуға, біздің еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, қолданыстағы заңнаманың сақталуын жеңілдетуге бағытталғанын атап айтқым келеді, ол үшін қазірдің өзінде заңнамалық өзгерістердің жаңа пакеті бойынша жұмыстар жүргізілуде, күзде Парламенттің қарауына енгізу жоспарлануда.