Date of publication: 14.06.2021 08:40
Date of changing: 14.06.2021 08:41

Кедендік реттеу бойынша ТОП-10 сұрақ - жауап

1.Сұрақ: Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімді қабылдау мерзімі

Жауап: Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Бұл ретте бұрын дәл сол бір марканы, модельді, артикул мен модификацияны қамтитын нақ сол бір атауы (коммерциялық атау, фирмалық атау (тауар белгісі) бар тауарды сыныптау туралы алдын ала шешімдер қабылданған тауарлар бойынша тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім кеден органында тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау туралы өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.

2.Сұрақ:  Тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау бойынша қызмет ақылы қызмет болып табыла ма және мемлекеттік қызметті көрсеткені үшін кедендік алымдар қандай мөлшерде алынады?

Жауап: Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 Қаулысымен белгіленген тауарды жіктеу туралы алдын ала шешім қабылдау үшін тауардың белгілі бір маркасын, моделін, артикулі мен модификациясын қамтитын әрбір атауы үшін 32 000 (отыз екі мың) теңге мөлшерінде кедендік алымдар алынады.

3.Сұрақ: Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылдау мерзімі және оның қолданыс мерзімі

Жауап: Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім уәкілетті органда немесе аумақтық кеден органында өтініш тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күшіне енеді және құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешім қабылданған күннен бастап есептелетін екі жыл ішінде қолданылады.

4.Сұрақ: Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы қандай тәсілдерімен қамтамасыз етіледі

Жауап: Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуы мынадай: ақша; банк кепілдігі; кепілгерлік; мүлік кепілі; сақтандыру шарты тәсілдердің кез келгенімен қамтамасыз етіледі.

5.Сұрақ: Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу мерзімі

Жауап: Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз ету өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей.

6.Сұрақ: Кедендік транзит мерзімін қалай ұзартуға болады?

Жауап: Кедендік транзит мерзімін ұзартуға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 170 шешімімен бекітілген.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды тасымалдау (тасымалдау) кезінде кедендік транзит мерзімін ұзарту үшін декларант немесе тасымалдаушы (бұдан әрі - тұлға) жөнелтуші кеден органы белгілеген кедендік транзит мерзімі өткенге дейін кедендік транзиттің белгіленген мерзімін ұзарту туралы еркін нысанда жасалған дәлелді өтінішті кедендік операцияларды жасауға уәкілетті және Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - одақ) кедендік аумағы бойынша тауарларды тасымалдау (тасымалдау) кезінде қызметі өңірінде тауарлар мен көлік құралы бар кеден органына жібереді);

Өтініште мынадай мәліметтер болуға тиіс:  

а) өтінішті жіберген тұлға туралы мәліметтер:  

б) транзиттік декларацияның тіркеу нөмірі, сондай-ақ (бар болса) ХЖТ кітапшасының немесе АТА карнетінің нөмірі;

в) кедендік транзит мерзімін ұзарту қажеттігіне негізделген мән-жайлар;   

д) тауарлар мен көлік құралының орналасқан жері;    

е) осындай мерзімді негіздей отырып, тауарлар межелі кеден органына дейін жеткізілетін болжамды мерзім;   

ж) өтінішті жіберген тұлға үшін өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлау тәсілі (электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі және т.б.).

Кеден органына өтінішпен бірге кедендік транзит мерзімін ұзарту қажеттігіне негіз болған мән-жайларды растайтын құжаттар (мұндай құжаттар болған кезде) ұсынылады.

7.Сұрақ: Баяндалғанның негізінде, Кеден кодексінің 150 бабында кеден өкілдері туралы ескертудің жоқ екенін, тек кеден өкілі арқылы құқықтық қатынастарға түсетін декларант туралы ғана айтылатының ескере отырып?

Жауап: Кодекстің 3-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес декларант – тауарларды декларациялайтын не өзінің атынан тауарлар декларацияланатын тұлға.

Кодекстің 150-бабымен декларанттың құқықтары, міндеттері және жауаптылығы қарастырылған.

Кодекстің 150-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес декларант Кодекстің 150-бабының 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Кодекстің 150-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, кедендік декларацияда анық емес мәліметтерді мәлімдегені, сондай-ақ кеден өкіліне жарамсыз, оның ішінде қолдан жасалған және (немесе) көрінеу анық емес (жалған) мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынғаны үшін жауапты болады.

Кодекстің 150-бабының 3-тармағының екінші бөлігімен декларант Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген жауаптылыққа тартылмайтың жағдайлар қарастырылған.

Өз кезегінде, Кодекстің 493 және 494-баптарымен кеден өкілінің құқықтары мен міндеттері қарастырылған.

Кодекстің 494-бабына сәйкес кеден өкілі кедендік операцияларды декларанттың атынан жасаған жағдайда, кеден өкілі мұндай декларантпен кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша ортақ міндетті кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндетті орындауға жататын толық мөлшерде көтереді.

Тиісінше нақты жағдайға байланысты Кодекстің 150-бабында көзделген жағдайларда декларант бұзушылықтарды жойған кезде кеден өкілі әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.

8.Сұрақ: Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу үшін қандай құжаттар қажет ?

Жауап: Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізуі мемлекеттік кірістер аумақтық органымен "Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет шеңберінде жүзеге асырылады (Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 бұйрығымен бекітілген "Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы). "Уақытша сақтау орындары иелерінің тізіліміне енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (көрсетілген қағидасына 1 қосымшасы) сәйкес көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну кезінде, Қағидаға 2 қосымшасына сай нысаны бойынша өтініш және уақытша сақтау орны иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты беріледі.

Уақытша сақтау қоймасының иесі ретінде қызметті жүзеге асыруға үміткер заңды тұлғаны уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу шарттары «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 503-бабымен регламенттелген.  Тізіліміне енгізу барысына мәлімденетін үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап-тексеру кезеңі кіреді, ол кезінде ҚР Кодексінің 504-бабына сәйкес өтініш иесі аумақтық кеден органының лауазымды адамына түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай:

      1) уақытша сақтау қоймасы ретінде пайдалануға арналған құрылысжайлардың, үй-жайлардың (үй-жайлар бөліктерінің) және (немесе) ашық алаңдардың меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жалға алынған болуын растайтын құжаттардың;

      2) мыналардың:

      тиеу-түсіру механизмдерінің не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың;

      орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы жабдығының, ал арнаулы сақтау орындарына газ орналастырылған жағдайда – тиісті есепке алу аспаптарының болуын растайтын құжаттардың көшірмелерін береді.

      Бұл ретте ұсынылған құжаттардың көшірмелері аумақтық кеден органында қалатын, үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеру актісіне қоса беріледі.

9.Сұрақ: Мемлекеттік кірістер органдарында импорттық экспорттық тауарларынынң лицензияларын тіркеу керек па?

Жауап: 2019 жылғы 4 маусымдағы №86 Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының шешімімен 2011 жылғы 22 маусымдағы №687 Кедендік одағы комиссиясының «Лицензиялық тауарларды ЕурАзЭО шеңберінде Кедендік одақтың кедендік аумағына жеткізу және бұл аумақтан шығаруды кедендік органдарымен біріңғай бақылау жөнінде Ереже туралы» (бұдан әрі - Ереже) Шешімінің күші жойылған.

         Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасынан экспорттық бақылауға жататын тауарларды заңсыз тасымалдауды алдынала ескерту және тыйым салу мақсатында, көрсетілген тауарлардың жеткізуін және әкетуін реттейтін  нормативік құқықтық актіні қабылдағанға дейін, бақылауды Ережемен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

10.Сұрақ: Шартты шығарылған тауарлар бойынша сәйкестікті растаудың  (сәйкестік сертификат, сәйкестік деларация) техникалық регламент талаптарының, тыйм салу және шектеулер сақтаудың техникалық реттеулерді   қандай мерзімде ұсыну қажет?

Жауап: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 287, Қазақастан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 266 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № 500 Бірлескен бұйрықтың ережесіне сәйкес техникалық регалементтер талаптарына сәйкестікті, техникалық реттеу бөлігіндегі тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау оларға қатысты тыйым салулар мен шектеулер 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарлар шығарылғаннан кейін расталатын, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығаруға (шартты түрде шығару) кедендік рәсімнен өтуге орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүзеге асырылады

Бұл ретте шартты түрде шығаруға тауарларды орналастырған жағдайда, декларант жоғарыда көрсетілген мерзімде шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсыну туралы міндеттемені еркін нысанда аумақтық бөлімшеге ұсынады.

Сонымен бірге, шартты түрде шығарылған тауарларға сәйкестігін растау туралы құжатты ұсыну мерзімі бұзылған жағдайда, декларант әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 538-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 225 бұйрығының ережесіне сәйкес, Кодекстің 202-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартты түрде шығарылған тауарларға қатысты талаптардың сақталуын тексеру, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде өнімдердің (тауарлардың) сәйкестігіне бағалауды жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардан ( зерттеу зертханалары және сәйкестігін бағалу жөніндегі органдар) ұзартылған мерзімі көрсетілген өтініші болмаған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген, техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын мерзімінің аяқталуы бойынша Кодекстің 415-бабына сәйкес үй-жайлар мен аумақтарға кедендік қарап тексеруді жүргізу жолымен жүзеге асыратынын атап айту қажет.

Техникалық реттеу бөлігінде тауарлар шығарылғаннан кейін тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растайтын ұзартылған мерзімі аяқталғаннан кейін сәйкестігін бағалау құжаттары ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшесі мерзімділігі 2 (екі) айда 1 (бір) реттен аспай осы тауарлардың бар-жоғына кедендік бақылауды жүргізеді.

Көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, декларант ӘҚБтК 553-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.