Date of publication: 26.12.2016 09:34
Date of changing: 26.12.2016 09:37

Шетел көздерінен қаржыландыру

         Бүгін, 2016 жылдың 23 желтоқсанында Тараз қаласы МКБ Мәжіліс залында «Шет ел көздерінен қаржыландыру» тақырыбында семинар өтті.  

         Семинарға үкімет емес ұйымдардың, біріккен қоғамдардың және БАҚ өкілдері шақырылды.

         Шет ел көздерінен қаржыландырудың мониторингісінің қажеттілігі  туралы ТЖБ басшысы А. Майханова сөз сөйледі.

         «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР Заңына өзгерістер туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша Салық кодексіне енгізілген өзгерістер», «Шет ел көздерінен қаржыландыру хабарламаны ұсыну тәртібі мен салық есептілігінің нысандары. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінде көзделген әкімшілік ықпал ету шараларының ережелерін бұзғаны үшін» тақырыптарында Департаменттің  қызметкерлері Д. Шагирова, Т. Умбеткалиев и А. Оскембекова сөз сөйледі. 

    Шетелдік көздерінен қаржыландыру мониторингі алғаш Қазақстанда 11 қазаннан бастап шетелден алынатын қаражатты пайдаланудың  ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатыр.

    Мониторинг кәсіпкерлердің қаржы ағындарына, олардың шаруашылық қызметіне әсер етпейді.

    Әңгіме тек кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ үкіметтік емес ұйымдардың шетел көздерінен қаржыландыруы жайында.  

    Мониторинг қаржылық құралдары шетелден заңгерлік көмек көрсету үшін және қоғамдық пікірді зерттеу, сондай-ақ социологиялық сауалнамалар, коммерциялық емес мақсатта жинау, талдау және ақпаратты таратуды қамтиды. Мониторинг күшіне адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылары, дипломатиялық өкілдіктер мен басқа да тұлғалар жатпайды.

   Шетелден демеушілік жасайтын заңды және жеке тұлғалар міндетті мониторинг шеңберінде 10 күн ішінде мемлекеттік кірістер органдарына ақшаны алғаны туралы хабардар етуге және үнемі есеп беруге міндетті.

   Ақшаны алғаны туралы хабардар етуді елемей, салық есептілігін табыс етпесе немесе көрінеу жалған мәліметтер бергені үшін ҚР заңнамасымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.