Date of publication: 07.11.2016 21:03
Date of changing: 07.11.2016 21:08

       2016 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің /бұдан әрі – ҚР ҚМ ҚМК/ мамандары Ж. Б. Еркенбаева, А. О. Махаш қаржы мониторингі субъектілерінің арасында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру бойынша семинар өткізді.

       Семинар Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акт залында, мына мекен-жайда өткізілді: Тараз қаласы, Қойгелды көшесі, 188.

       Осы семинарға лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдар мен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, ломбардтардың өкілдері және де жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатысты.

      ҚР ҚМ ҚМК мамандары 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 тамыздағы № 343-V Заңының өзгертулері мен толықтырылуына сәйкес қаржы мониторингі субъектілерінің іс-әрекеті төрт түрден кеңейтілген. Қаржы мониторингі субъектілерінен іс-әрекеттерінің басталуы туралы ескерту хаттар қабылданды.