Date of publication: 20.10.2016 17:04
Date of changing: 20.10.2016 18:42

    2016 жылдың 20 қазанында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі «жалған кәсіпкерлікпен күрес» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке Жамбыл облысы бойынша МКД ЭТҚ Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының м. а. Самат Базарханұлы Қойбақов және Салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының аға тергеушісі Ағыбай Дияс қатысты.

   2016 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасының өндірісінде 110 сотқа дейінгі тергеу өндіріс іс-құжаттары болды. Оның ішінде ағымдағы жылда СДТТБТ жалған кәсіпкерлікке қатысты 65 фактісі тіркелген, тергеу аймақтылығы бойынша басқа облыстарға 21 іс-құжаттар жолданған және 30 қылмыстық іс басқа қылмыстық істермен біріктірілген, 1 қылмыстық іс ақталу негізі бойынша қысқартылған, ақталмаған негізі бойынша қысқыртылған қылмыстық істер орын алмаған, сонымен қатар 7 қылмыстық іс 64 эпизод бойынша сотқа жолданған, атап айтқанда:

         1. «ТилеукабылАта» ЖШС (3 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 308 978 240 теңге,

         2. «Ен-Аз-Ер» ЖШС (2 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 22 600 000 теңге.

         3. «Жамбыл Строй Проект» ЖШС (2 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 102 285 949 теңге.

         4. «Презент Сервис» ЖШС (1 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 44 372 654 теңге.

         5. «Таб-Курылыс» ЖШС (33 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 367 200 000 теңге.

         6. «Тараз - Атшабар» ЖШС (22 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 500 000 000 теңге. Батуровтардың және басқа да қылмыстық тобына қатысты №163100121000181 қылмыстық ісі ҚР ҚК б.б. 245 б.3, 216 б.3, 218 б.3 және 262 б.1 бойынша 22 эпизодта.

         7. «Ориентир - Казахстан » ЖШС (1 эпизодта), залалдың жалпы сомасы 447 367 218 теңге.

2016 жылы бюджетке 142 693 181 теңге өндірілген, олардың ішінде:

- Өндірістегі қылмыстық істерді тергеу барысында 129 723 680 теңге өндірілген (Кокумов, Батуров, «Ен-Аз-Ер» ЖШС және «Ориентир Тараз» ЖШС бойынша).

- сот шешімі бойынша өткен жылдарға 12 969 501 теңге өндірілді.

Сонымен қатар, есеп шотындағы ақша қаражаттарына және мүлкіне жалпы сомада 144 124 035 теңгеге тоқтам салынған.

Комитеттен, 7 серіктестікке қатысты «Тауар қоюшы пирамидасы» келіп түскен. Қазіргі таңда аталған барлық серіктестіктер атқарылған.

Атқарылған жұмыс барысында бюджетке ақшалай 186,6 млн. теңге төленген, атап айтқанда: «Жамбыл жарықсауда 2030» ЖШС, «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС, «AKBARS STROY Ltd» ЖШС, «Сұңқар-2002» ЖШС, «Корпорация Сенім» ЖШС, «Корпорация ЖилСтрой-Тараз» ЖШС, «Таразқұрылыс Дизайн» ЖШС.

Өткен ағымдағы жылда мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп тану үшін 5 шағым сотқа жолданған, сот шешімімен мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылған, олар: «Ардирен» ЖШС, «Таб-Курылыс» ЖШС және «ЭлтехКаз» ЖШС, «RAMADA FOX» ЖШС, «TSP Тобол» ЖШС.

Сонымен қатар, мемлекеттік қайта тіркелуі жарамсыз деп тану үшін 3 шағым сотқа жолданған, сот шешімімен мемлекеттік қайта тіркелуі жарамсыз деп танылған, олар: «LM-Vaice» ЖШС, «ТимВудПрожен» ЖШС және «Элимат Центр» ЖШС.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша МКД ЭТҚ қызметкерлерімен екінші деңгейлік банктерден қолма-қол ақша алу кезінде және жалған шот-фактуралар жазып беру кезінде ұстау бойынша жұмыстар атқарылуда.

Қазіргі таңда, жалған серіктестік сипаты бар серіктестіктермен қарым-қатынас жасаған кәсіпкерлермен бюджет алдындағы ККС және ҚҚС бойынша қарыздарын өтеу бойынша әрдайым түсіндірме түрінде  жұмыстар жүргізілуде.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметінің Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл басқармасы