Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Елбасының Қазакстан халқына арналған «Нұрлы жол - болашакка бастар жол» Жолдауында казіргідей сын кезеңдерде банк секторына қолдау көрсетуді жөн көреді. Шағын және орта бизнесті экономикамызлың күре тамырына айналдыру мақсатындағы жұмыстарға жаңа қарқын бере отырып, кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеу қажеттілігі баса айтылды. Көліктік-логистикалык инфрақұрылымдарды күшейтудің кешенді жоспары, индустриялык және энергетикалык инфрақұрылымдарды дамытудағы мақсаттарымыз экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік жағдайды жақсартуға да жаңа серпін 6epepi сөзсіз.
Еліміздің инфрақұрылымын дамыту мәселесіне де басты назар аударылып отыр. Тарихқа үңілетін болсақ, дағдарыстың ауыр кезендерінің өзінде инфрақұрылымды дамыту экономиканы жандандырудың ең тиімді жолы болып саналады. Мәселен, атақты АҚШ президенті Рузвельт «Ұлы депрессия» жылдарында да инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ic-шараларды тоқтатпаған ғой, сондыктан да маңызды кұжаттар еліміздің инфрақұрылымының әр-түрлі салаларында толығымен қамтылған. Яғни, бұл тек қана көлік-логистикалық инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар, индустриалды-энергетикалык, тұрғын-үй және т.б. инфракұрылымдар жүйелері болып отыр. Сондай-ак, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы ic-шаралары жайлы атап өтілді.
«Нұрлы жол - Болашаққа бағыт» атты Жолдауындағы жастарға арналған негізгі үш бағытқа тоқталғым келеді. Бірінші – білім мәселесі. Бүгінде дамыған елдердің барлығы осы білім саласында ұдайы инвестиция кұйып келеді. Соның нәтижесінде, табиғи байлықсыз-ак, олар өздерін әлемдік сах-нада экономикасы жетілген, табысты мемлекеттер ретінде танытты. Елбасынын саласына қыруар қаражаттың бөлінетінін және eлiмiздің беделді 10 жоғары оқу орнын әлемдік стандартқа сай етіп жасақталатынын айтты. Бұл біздің дамыған ел болуға бағыт алғанымызды көрсетеді.
Eкінші - ұлтаралык достык,- Еліміздін бүгінде әлемге үлгі болар тұсы - халыктар бірлігі, ұлттар арасындағы татулық. Осы жағдайларды жастарға ұғындыра білудін жөні бөлек. Менің ойымша, достык пен келісім болмаған жерде даму да, өcin-өркендеу де болмайды. •
Yшінші, 2015 жылдан бастап жас отбасыларға бастапқы жарнасыз және төмен пайыздық көрсеткіште үйлер салуға 180 миллиард тенге қаражат бөлінетінін жеткізді. Бүгінгі таңда жаңадан отбасын құрған жастардың бір жылдың ішінде үштен 6ipi ажырасып жатыр. Елімізден жас отбасылардың 80% пайызында жеке пәтер жоқ екен. Сондықтан да Елбасы Н.Ә. Назарбаев жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігін дөп басып айтты.
Елбасымыздың Қазакстан халқына арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шығып отыр, Ce6e6i, ол ел болашағын көздейді. Тұрмысымызды жақсартудың жолдарын тайға таңба басқандай erin ұсынаады. Сондықтан да ол «Нұрлы жол» атанып отыр. Еліміздің жаңа экономикалык саясаты Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері арасында да қызу талқыланды. Біз Президент ұсыныстарын толық қуаттаймыз. Отандастарымызды Жолдаудағы басым бағыттарды нақты жүзеге асыру атсалысуға шақырамыз.
Жамбыл облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
басшының орынбасары Ң.Құдайбергенов