«Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» !!!
Ағымды жылдың 15 қантарда Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда өсім реформалар, даму» атты мақаласын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ мүшелері департаментінің ұжымымен кездесу өткізді
Ақпараттық топ мүшесін Жамбыл облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы басқарып келді. Аталған топ құрамы облыс аумағында құрметті азаматтардан құрылған , оның ішінде: облыстық ішкі істер департаменті басшысы орынбасары Қ.Досанов, Тараз қалалық маслихаттың депутаты, еңбек ардагері Қ.Бекбулатов.
Алғашқы сөз, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Заң басқармасының басшысы Т.Айтбаевқа берілді. Ол өз баяндамасында, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын мұқият оқып, таныстым. Шындығында, Елбасы айтып өткендей, біз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына жаңа арманмен аяқ бастық. Ал осы Ұлы арманға қол жеткізу үшін біздің алдымызда «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың зор міндеті тұр.
Бұл бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамньң бар-лығының маңызы өте зор. Еліміз осы күнге дейін Елбасының сындарлы саясатының арқасында зор дәрежеге жетіп, басқа елдердің құрметіне иеболып отыр.
Енді осы сыйлы дәрежені жоғалтпай, оны жоға-рылату мақсатында «100 нақты қадам» бағдарламасы еліміздің әрбір мекемесінен, азаматынан улкен жауапкершілікті талап етеді.
Бұл ретте, мемлекетік кірістер органдарына да елеулі міндеттер жүктеліп отыр.
Бес институционалдық. реформа аясында ұсы-нылған 100 нақты қадамдар ішінде ең ауқымды шаралар индустрияландыру және экономикалық ecім үлесіне тиесілі. Оньң ішінде, салық және кеден саясатына қатысты, мемлекеттік кірістер органдарыньң құзіретіне жататын 9 қадам бел-гіленген.
Атап айтсақ, салық, кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шыға-руға мүмкіндік беру, экспорт-импорт үшін кұжаттар санын және оларды өңдеу уақытьн қысқарту, мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әpi барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялауды кезең-кезеңмен енгізу, тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және тағы да басқа мемлекеттік кірістер органдарына қарасты міндеттердің маңыздылығы өте зор деуге болады. Себебі, индустрияландыру және экономикалық өсім реформасында, салық және кеден саясатын арттыруға арналған қа-дамдардың еліміздің экономикасының дамуына тиімділігі сөзсіз.
Бюджет толықтырудың басты кезі салықтан түсетін түсім екені белгілі, сол себептен бұл қадамдардың негізгі бөлігі мемлекеттік кірістер органдары қызметінің мемлекет бюджетің то-лыктыру бағытындағы жұмыстарыньң тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бүгінгі таңға экономикалық, әлеуметтік және баска да мәселелерді шешу үшін қажетті қаржы көлемі мен мемлекетті толық қамтамасыз ету –мемлекеттік кірістер органдарыньң неізгі мін-деті. Қазіргі жағдайда салықтық түсімдерді көбейту мәселесін салық кеден саясатын оңтайландыру жолын жетілдіру арқылы шешуге болады.
Жалпы, барлық мемлекетік мәселелерін шешу, түптеп келгенде, әp6ip казакстандықтьң әлеуметтік жағдайының. өcyi, мемлекеттік кірістер органдары қызметі жұмысыньң сапалылығына тікелей байланысты.
Салык, кеден саясатын және ресімдерін, қолданыстағы салық режімін оңтайландыру қадамдары халқына өте қолайлы және тиімді климат туғызатын қадам. қазipri таңда интернет арқылы көрсеткіш қызметтер саны едәуір ұлғайып, бұл салық төлеуші, сыртқы экономикалық қызметке қатысушы мен мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы қарым-қатынасты оңайлатып, мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын және халықтың мемлекеттік кірістер органына деген ceнімін арттырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын -алуға зор ықпалын тигізеді.
Бизнеске қолдау көрсету мақсатында сальқ және кеден заңнамаларына жыл сайын оңды өзгерістер енгізіліп отыр. Мысалы, дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының, қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату, қолданыстағы 208 бюджеттік сыныптама кодтарының санын 89 дейін кысқарту, бірқатар қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өткізу, сондай-ак, есімпұлдары мен айыппұлдарына рақымшылық жасау сиякты салыктык әкімшілендіруді жеңілдетуге бағытталған өзгерістер халық арасында кең қолдау тауып отыр. Жанама салықтарды жетілдіру мақсатында, қосылған кұн салығынын орнына сатудан салық алуға өту бойынша, жан-жақты зерттеу қадамы басталды.
Елімізде үшінші рет мүлікті жария ету акциясы жүргізілуде, акция халыққа қолда бар мүлікті жария етіп, заңды айналымға енгізуге мүмкіндік береді, алдағы жылдары оны декларацияда керсетуге толық. мүмкіндік бар. Осыны жете түсінген азаматтар осы акцияға белсене қатысуда.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің негізгі мақсаты - көленкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күресу, сондай-ак, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттік рөлін күшейту больш табылады. Бұл қадамымен тығыз байланысы бар келесі қадам - салық декларацияларын қабылдау және орталық желісін кұру, яғни орталық салық төлеушілердің
электронды құжаттарыньң бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндегіне ие болады.
Тәуекелдердің басқару жүйесін енгізу туралы айтар болсақ, декларанттар мен салық төлеушілерге тексеру жүргізу үшін, олар тәуекел санатына белінетін болады. Яғни, ең аз тәуекел санатына енгізіліп, тәртіп бұзушылыкка жол бермеген кәсіпкерлерге салықтық және кедендік тексерулерден қорқудын қажеті болмайды. Мұндай шаралар өз кезегінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіре отырып, сенімге ие болған бизнес өкілдеріне емін-еркін жұмыс icтeyiнe жағдай жасайтын болады.
Экспорттаушылар мен шорттаушылар үщін кедендік рәсімдеу барысында «бip терезе» қағи-дасын және электрондық кедендік декларация-лауды енгізу, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уакыттарын үнемдеп, тауар айналымын жеделдетуге өз септігін тигізері анык.
Жекелеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін тауарларды кедендік декларация бергенге дейін шығару мүмкіндігі де сыртқы экономикалық, қатынастардың артуына өз септігін тигізері сөзсіз.
Өз кезегінде, мемлекеттің сеніміне ие болып, мұндай жеңілдіктермен пайдалану үшін бизнес өкілдері тиісінше заң талаптарын қатаң сақтап, адал және ашық бизнес жүргізуге ұмтылатын болады. Бұл әрине, мемлекеттің қазынасыньң кіріс бөлігіне де он әсерін тигізері анық.
Осылайша, мемлекетік кірістер органдары көрсетілген міндеттерді абыроймен орындап, жузеге асыруға бар күш-жiгepiн салып, еліміздің экономикалық жетістіктерге жетуге және әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кipyre өз улесін қосады деп, сенім білдіремін.
Келесі баяндаушы Тараз қалалық маслихаттың депутаты, еңбек ардагері Қ.Бекбулатов өз сөзінде, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы қоғамымызда үлкен серпіліс туғызып отырғанын атап өтті. Елбасы жаңа қазақстандық арманның мақсатымен бірге нақтыжүзеге асырылу жолдарын да айқындап берді.
Бес институттық реформаны, «100 нақты қадам»- Ұлт жоспарын жүзеге асыру ғасыр соңына таман әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылған еліміз үшін айрықша маңызды. Ал бұл жаңғырулар мен жаңаруларға серпін бермек.
Елбасымыз аталған мақаласында бес институттық реформаның ең негізгісі- бірлігі жарасқан ұлтымыздың негізі мен бірегейлігін қалыптастыруда қандай іс-әрекеттердің атқарылып жатқанын және қандай жоспарларымыз бар екенін нақтылап көрсетіп отыр.
Қазақстан халқына өз мемлекетінің Тәуелсіздігі, қуаттылығы мен тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен берекелі, дәулетті, сәулетті тұрмысы болғаны біздің жалпы мақсатымыз.
Кездесу соңында Жамбыл облыс әкімінің бірінші орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы қорытынды баяндамасында, келесі мәселелерге назар аудару керектігін атап өтті. Ең маңыздысы, ол қазіргі таңда әлемде көптеген қауіп-қатерлердің орын алып отырғандығы жасырын емес. Соның ішінде экономикалық дағдарыстар мен әскери қақтығыстар әлем назарын өзіне аудартты. Осы тұрғыда оған қарсы қояр әлеуетті тетік – еліміздегі бірегейлік және бірлікті қалыптастыруға екі негізгі ұстын тірек болуда.
Оның біріншісі – Қазақстан халқы Ассамблеясы институты. Жүзден астам этностық топтар тұратын Қазақстан жері – олардың нақты Отаны.Біз «Бір ел - бір тағдыр» ұстаным мен бірлігімізді сақтап келе жатқан елміз. Бүгінгі таңда соны мақтан етеміз. Екінші тірек – ол жалпыұлттық «Мәнгілік Ел» идеясы. Соның ішінде, елдің негізгі құндылықтарын дәріптеп, болашақтағы Мәнгілік Ел ұрпағын казірден бастап тәрбиелеу ұшін қандай жоспарларды жүзеге асыруымыз керектігі де нақтыланған.
Елбасымыздың Қазакстан халқына арнаған Жолдауы көпшіліктің көңілінен шығып отыр, себебi ол ел болашағын көздейді. Тұрмысымызды жақсартудың жолдарын тайға таңба басқандай ұсынады. Біз Президент ұсыныстарын толық қуаттаймыз.
Отандастарымызды Жолдаудағы басым бағыттарды нақты жүзеге асыру атсалысуға шақырамыз.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің
Түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасы