Жарияланған күні: 22.04.2015 17:51
Өзгертілген күні: 22.04.2015 22:06

Меркі ауданындағы 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Меркі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.М.Сырлыбаевтың бастамасымен ұжым тарапынан  2015 жылдың 11 сәуірінде, сенбі күні шынайы көмек көрсету жұмысы ұйымдастырылды. Көмек көрсету барысында, Меркі ауданы, Черкис көшесі 29 үйдің  тұрғыны  Груничев Иван Гаврилович, Мусабекова көшесі № 188 үйдің тұрғыны Варшакидзе Расим Абасович, А.Аскарова көшесінің №14 үйдің тұрғыны Сенюшова Евгения Петровна ардагерлерімізге  үй жанындағы аула тазалау, үй жанындағы учаскені егістік жұмыстарына дайындау, жеңіл жөндеу, үй жинастыру, пандусты жайластыру жұмыстары жүргізілді. Және ұжым тарапынан заттай қайырылымдық көмек көрсетілді.

Газета Меркі тынысы