Жарияланған күні: 20.07.2016 17:52
Өзгертілген күні: 20.07.2016 17:53

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің лицензия алған қызмет түрлері бойынша сақтауға, көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін сату құқығына қатысты лицензиясына жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуі туралы түсіндірмесіне сәйкес өз құзыреті шегінде  келесі ақпаратты назар аударуыңыз қажеттілігін хабарлаймыз.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуіне қатысты

Төлеушілердің жүзеге асыруға лицензия алған қызмет түрлері бойынша, сақтау, көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін сатуы бойынша жүктелген міндетті сомасының бюджетке жыл сайынғы лицензиялық алымның ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төленуін атап өту қажет (Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің (Салық кодексі)472-бабының 3-тармағы).

Басқа да міндетті төлемдер - осы Кодексте белгіленген мөлшерде және жағдайларда жүргізілетін алымдар түріндегі міндетті ақша аударымдары (Салық кодексінің 12-бабының 1-тармағының 4-тармақшасы) және мемлекет алдында туындайтын салық төлеушінің міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады (Салық кодексінің 26-бабының 1-тармағы).

Салық кодексі 33-бабына сәйкес салық міндеттемесін орындау мерзімнің өтуі салық міндеттемесін орындау мерзімінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық іс-қимылдан кейін келесі күні басталады. Мерзім осы Кодексте белгіленген кезеңнің соңғы күнінің соңында аяқталады.

Алым жыл сайынғы және қызметті жүзеге асыру үшін бірінші жылы лицензия беру кезінде алынады, кейінгі жылдарға төлеу жөніндегі салық міндеттемесі жинау жылдың басынан туындайды, ол орындалуға ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін жатады.

Атап өткенінде, бұл алым мөлшерлемелері тіркеуі белгіленген және бюджетке төленген алым лицензия алғаннан кейін қайтарылуға жатпайды.

Сонымен қатар, салық заңнамасында оны саралап өндіріп алу қарастырылмаған.

Осыған байланысты, жылдың ішінде лицензияның қолданылуын тоқтату, басталғанға дейін, белгіленген мерзімі өткеннен кейін, алым төлеу үшін (ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін), алым төлеу бойынша төлеушінің салық міндеттемесін орындаудан босатпайды.

Осыған байланысты, лицензиаттардың қызмет түрлері бойынша, сақтау, көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін сату лицензиясын тапсырған жағдайда, мерзімге дейін және кейін төленген жыл сайынғы лицензиялық алым, сонымен қатар осындай алымды төлемегендерден өндіріп алу туралы мәселені сот тәртібімен қарастыру қажет.

Кәсіпкерлік қызметі тоқтатылған және қызмет объектісі жүзеге асыруға болмаған бірақ лицензиясы болған жағдай туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» (бұдан әрі – Заң) 45-бабының 1-тармағына сәйкес рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) рұқсатқа қосымшаның тәртіппен жүзеге асырылуы және көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында, атап айтқанда Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексімен (бұдан әрі – ӘҚБтК).

Сонымен қатар, Салық кодекісінде көрсетілген салық есептілігін беруді тоқтата тұру немесе қызмет объектісінің жоқтығына байланысты қызметтің тоқтатылуына байланысты, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату Заңмен көзделмеген.

Осыған байланысты, жыл сайынғы лицензиялық алым сомасы іс жүзінде жүзеге асыру-асырмауына қарамастан лицензиатпен төлеуге жатады қызметін жүзеге асыратын объектінің лицензияда болмаған жағдайда да.

Жыл сайынғы лицензиялық алымды мерзімді төлемеу әкімшілік жауапкершілігіне қатысты

Жыл сайынғы лицензиялық алымды мерзімінде төлемеу Салық кодексіне сәйкес мөлшерде белгіленген, ӘҚБтК 282-бабының сегізінші бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады әкімшілік айып салына отырып және лицензияның тиісті қызмет түріне арналған қолданылуы тоқтатылады.

Бұл ретте, төлеу мерзімі осындай соманы ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлеу болып табылады.

Тиісінше, ӘҚБтК 282-бабының сегізінші бөлігіне сай лицензиясы бар адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады бұл ретте алым сомасын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлемегені үшін.

Сонымен қатар, ӘҚБтК 282-бабының тоғызыншы бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған жыл сайынғы лицензиялық алым төлемегені үшін лицензияның қолданылуын тоқтатылған кезінде.