Салық кодексінің 395-бабына және Салық кодексінің 396-бабының 1-тармағына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге меншік құқығына мемлекеттік тіркелуі жоқ іс жүзінде пайдаланатын объектілер бойынша мүлік салығы салынатын болады.
Салық кодексінің 399-бабы, тиісінше, мұндай іс жүзінде пайдаланатын тіркелмеген объектілер бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу және төлеу тәртібі көзделген жаңа 9-тармақпен толықтырылды.
Уран активтерін мүлік салығын салудың жеке объектісі ретінде бөлу мақсатында Салық кодексінің 396-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқанСалық кодексінің 111-1-бабында көрсетілген активтер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып табылатынын көздейтін 3) тармақшамен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) толықтырылды.
Сонымен қоса, Салық кодексінің 397-бабының 1-тармағының редакциясы нақтыланды, оған сәйкес бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны уран активтері бойынша (бухгалтерлік есеп жүргізетін дара кәсіпкерлердің, және заңды тұлғалардың басқа салық салу объектілері бойынша ретінде) мүлік салығы бойынша салық базасы болып табылады (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
Салық кодексінің 396-бабының 2-тармағы жаңа 7) тармақшасымен толықтырылды, салық салу объектісі ретінде тұрғын үй, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын ретінде жіктелмейтін болады, бұл ретте мұндай мүлік Салық кодексінің 409-бабына сәйкес тұрғын үй ретінде салық салынатын болады.
Салық кодексінің 397-бабы жаңа 1-2-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес салық төлеуші салық салу объектісінің бағалауын Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушымен шарт негізінде жүргізген жағдайда, бағалау туралы тиісті есепте айқындалған, бірақ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын орташа жылдық баланстық құнынан төмен емесоның нарықтық құны мұндай салық салу объектісі бойынша салық базасы болып болып табылады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
Салық кодексінің 398-бабының 3-тармағы жаңа 9) тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы инфрақұрылымдарды қоспағанда, әуежайлардағы инфрақұрылым бойынша мүлiк салығы 0,1 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
Жамбыл облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
бас маманы
Сарсенбаева Р.А