Жарияланған күні: 23.09.2016 17:12
Өзгертілген күні: 23.09.2016 17:13

    2015 жылғы 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерімен (әрі қарай - ЕАЭО) бір жағынан ЕАЭО және оған мүше- мемлекеттер мен екінші жағынан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы Келісімге қол қойылды (әрі қарай - Келісім).

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 24 ақпандағы Заңнамасымен Келісім күшіне еніп және http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1600000461 электрондық адресі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссиясы (әрі қарай - ЕЭК) сайтында орналастырылды. ЕАЭО басқа мүше-мемлекеттері мен Вьетнам Республикасы жағынан күшіне енген барлық рәсімдер аяқталды. ЕЭК және Ветьнам Республикасы сәйкестендірілген мемлекетішілік рәсімдердің орындалғандығы туралы хабарландырулармен алмасты.

Осыған орай, 2016 жылғы 5 қазаннан бастап Келісім күшіне енетін болады.

    Бұдан басқа, Ветьнамда жасалған тауарларға қатысты әкелінетін кедендік баждардың ставкаларын қолдану мақсатында, Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 «Ветьнам Социалистік Республикасында жасалған және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарларға қатысты әкелінетін кедендік баждардың ставкаларын қолдану» Шешімі қабылданғандығын хабарлаймыз.

    Осыған орай, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына Ветьнам аумағынан әкелінетін тауарларға қатысты аталған Шешім мен Келісімнің шарттарын басшылыққа алу қажет.