
Сұрақ: Жаңа 328н. қашан шығады?
Жауап: 328.00 жаңа нысаны әзірленді, қазіргі уақытта оны әзірлеушілер СЕӨЖ және ТТК орналастыру үшін тестілеуде, шамамен жаңарту күні - 31.01.2021 жыл.
Сұрақ: Шекарада немесе орналасқан жерінде екендігін қандай инспектор растайды?
ТІЖ растауды МКО қызметкерлері шекарадан өту кезінде автомобиль өткізу пунктінде жүргізеді.
Жауап: Егер шекараны кесіп өткеннен кейін ТІЖ расталмау дерегі анықталса, 8-701-707-1411 WhatsApp нөміріне хабарлама жазу және мынадай деректерді жіберу қажет: компанияның БСН, импорт бойынша ТІЖ тіркеу нөмірі, өткізу пункті және шекараны кесіп өту күні (талонда көрсетілген).
Сұрақ: Импорт үшін ТІЖ жазылды, екі ТІЖ-ның қабылданды мәртебесі бар, ал біреуі өңделіп жатыр мәртебесімен қатып қалды. ТІЖ жазылған күні 23.01.21 жыл. Машина 24.01.21жылы шекарадан өтті. Қабылданған ТІЖ расталған жоқ. Әрі қарай не істейміз? ТІЖ-ын кім растайды? 328 нысанын қашан тапсыру керек?
Жауап: Егер шекараны кесіп өткеннен кейін ТІЖ расталмау дерегі анықталса, 8-701-707-1411 WhatsApp нөміріне хабарлама жазу және мынадай деректерді жіберу қажет: компанияның БСН, импорт бойынша ТІЖ тіркеу нөмірі, өткізу пункті және шекараны кесіп өту күні (талонда көрсетілген).Импортталған тауар бойынша 328.00 нысанын 2021 жылғы қаңтарда Салық кодексінде белгіленген тәртіппен 20.02.2021 жылға дейінгі мерзімде тапсыру қажет.