2016 жылдың 12 қарашасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Тараз-Арена» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының 25-жылдығына және Ұлттық теңге күніне арналған үлкен іс-шара, тимбилднг (Team building) өткізді. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне Тараз мерекелік агеттігі нағыз мереке – ұжымды-отбасылық қызықты жарыстармен демалыс ұйымдастырып берді. Жарысқа салық, кеден және экономикалық тергеу қызметі блоктарының қызметкерлері қатысты. Бұл шараға барлығы өз жанұяларының мүшелерімен келді. Сапта тұрған балалар өз ата-аналарымен Департамент басшысы А. Тынысбековтың сөз сөйлеуін, содан кейін Қазақстан Республикасының гимнін тыңдады. Патриоттық сезім барлық қатысушыларды тартып әкетті. Іс шарада өткізілген концерттік бағдарлама да қатысушылардың қызу қол шапалақтауымен қабылданды. Содан кейін, қызықты сазды әуеннің қолдауымен, осы мерекенің жүргізушілері біздің қызметкерлермен және олардың балаларының қатысуымен неше түрлі командалық жарыстар, құрама эстафеталар өткізді. Жарысқа қатысушылар жүгірді, секірді, құлады. Біз өзіміздің қызметкерлерді жұмыс жағдайында, кеңестерде, жұмыс комиссияларында іскерлік стильде көріп үйренгенбіз. Ал бұл жерде біз бір-бірімізді басқа жақтан көрдік, спорт киімінде, жүргізушілердің қандайда бір тапсырмаларын ебедейсіз орындау үстінде, конкурстарда қалып қалуымен. Бірақ бұның бәрі жылы және тартымды болып көрініп тұрды. Осы уақытта күлкі және шаттық жайланды. Барлық қатысушылардың көңіл күйі көтеріңкі болды, командалық рух сезіліп тұрды. Іс-шара шеңберінде қызметкерлер жұмыс бабымен емес, аренада бірге жүгіру кезінде, көркем плакаттар дайындау кезіндегі достық қарым-қытынаста болды, осындай кезде өз-ара тығыз қатынастар бекітіледі. Адамдар бір-бірлерін бейресми жағдайда таниды, командада және өзін осы командада таниды. Ұжымның бірігуі сезіліп тұрды және де осы іс-шараның басты мақсаты осы етін. Содан кейін плов, шәй берілді. Осмылай корпоративті тимбилднг, қызметкерлердің демалысы тиісті дәрежеде өтті.
- Аймақтар бойынша департаменттер
- Астана
- Алматы
- Ұлытау облысы
- Жетісу облысы
- Шымкент
- Абай облысы
- Ақмола облысы
- Ақтөбе облысы
- Алматы облысы
- Атырау облысы
- Шығыс Қазақстан облысы
- Жамбыл облысы
- Батыс Қазақстан облысы
- Қарағанды облысы
- Қостанай облысы
- Қызылорда облысы
- Манғыстау облысы
- Павлодар облысы
- Солтүстік Қазақстан облысы
- Түркістан облысы