Жарияланған күні: 04.11.2016 18:08
Өзгертілген күні: 04.11.2016 18:11

   Кеден Одағы комиссиясының2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 899 және2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 196 Шешімдерімен, автомобилдік және теміржол құралдарымен Кеден Одағының(әрі қарай-Еуразиялық экономикалық одағы) кедендік аумағына әкелінетін тауарларға қатысты міндетті алдын ала ақпараттандырудың енгізілуі туралы шешім қабылданды.

   Автомобилдік және теміржол құралдарымен әкелінетін тауарларға қатысты уәкілетті экономикалық операторлар, тасымалдаушылар, соның ішінде кедендік тасымалдаушылар, кеден өкілдерінемесе өзге мүдделі тұлғалар тауарлардың Еуразиялық экономикалық одағы аумағына кіруіне дейін кемінде 2 сағат бұрыналдын ала ақпараттандыруды ұсынады.

   Әкелінетін тауарларды келу орынында кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастыруды жорамалдаған жағдайда, мүдделі тұлға Еуразиялық экономикалық одағы мүше – мемлекетінің тауарлармен көлік құралдарының келу орны орналасқан аумағындакеден органдарының ақпараттық жүйесінеалдын ала ақпараттандыруды ұсынады. Ұсынылған ақпаратта транзиттік декларацияны ресімдеуге қажетті толық мәліметтер болуы тиіс.

   Әрбір сыртқы экономикалық қызметінің қатысушысы Қазақстан Республикасыныңpi.customs.kz Web-порталы көмегімен қажетті ақпаратты ала алады. Сондай-ақ, бірегей идентификациялық тасымалдау нөмірін алуыменен порталда тіркелу және көрсету қызметтері тегін.

   Алдын ала ақпараттандырудың басты артықшылықтарының бірі- Еуразиялық экономикалық одағының мүше – мемлекеттерінің мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктерінен тауарлар мен көлік құралдарының өту уақытысының қысқартылуы. Бұл мүмкіншіліктің болуы, алдын ала ақпараттандыру транзиттік декларациясынының электронды көшірмесін толтыру үшін қолданылады. Алдын ала ақпараттандырудың жоқ болған жағдайда, қазіргі уақытта транзиттік декларациясының көшірмесін даярлау жұмысын кеден өкілі атқарады. Бұл техникалық рәсім кемінде 1 сағаттан аса уақыт талап етіп, көлік құралдарының шекара арқылы өту уақытысына және шектес мемлекеті жағынан өткізу пунктіне кірукезегіндегі көлік құралдарының жылдамдығына айтарлықтай әсер етеді. Осы проблеманы шешу үшін алдын ала ақпараттандырудың технологиясы енгізілді.

   Тауарлар мен көлік құралдардың өткізу пунктеріне келгенге дейін кеден органдарына алдын ала ақпараттандырудыңұсынылуы тек уақыттың қысқартылуынағана емес, сонымен қатар өткізу пунктерінде кедендік операциялардан өтудегі қаржы шығынының азайтылуына да әсері бар.

   Сондықтан, кеден органдарын алдын ала ақпараттандыру әкімшілік кедергілерді төмендетуге, өткізу пунктерінде кедендік бақылаудың жүргізу уақытысын тездетуге және кедендік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған.