Жарияланған күні: 18.02.2021 09:36
Өзгертілген күні: 18.02.2021 09:38

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолданысқа енгізілген заңнамалық өзгерістер туралы

анықтама

 

Бірінші. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау үшін, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы                                 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мынадай заңнамалық өзгерістер көзделген.
1. Сотталған сыбайлас жемқорларға мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдануға тыйым енгізілді.
Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі – ҚК) 72-бабына енгізілген  түзетулерге сәйкес, шартты түрде мерзімінен бұрын босату (бұдан әрі – ШМББ) ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарға қолданылмайды.
Ерекшеліктер тек екі жағдайда ғана:
- мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жасауы (жүкті әйелдер; жас балалары бар әйелдер; жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер; 58 және одан жоғары жастағы әйелдер; 63 және одан жоғары жастағы ерлер; бірінші және екінші топтағы мүгедектер);
- ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің барлық шарттарын орындаған сотталғандардың осындай қылмыстар жасауы.
Залалды өтеу және бас бостандығынан айыру орындарында жазалар болмаған жағдайда, азаматтардың аталған санаттары іс жүзінде:
- ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
- аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін өтегеннен кейін, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
Жоғарыда аталған әлеуметтік осал санаттағы азаматтар бұрын қолданылған нормалар бойынша ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде үштен бірін және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін жаза мерзімінің кемінде жартысын өтей отырып, ШМББ-ға үміткер бола алғандығын  атап өту керек.
Яғни, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілік, тіпті әлеуметтік осал топтар үшін де заңмен күшейтілді.
Ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімінің барлық шарттарын орындаған, ШМББ-ға құқығы бар адамдарға келетін болсақ, оларды кінәні мойындау туралы келісім жасасқан адамдармен шатастырмау керек.
ҚПК-нің 612-бабына сәйкес, процестік келісімнің екі түрі бар:
1) күдікті, айыпталушы күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстар не ауыр қылмыстар бойынша кінәні мойындау туралы мәміле нысанында;
2) ынтымақтастық туралы келісім нысанында – қылмыстық топ жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен кезде қылмыстардың барлық санаттары бойынша жүзеге асырылады.
Заңда ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттары, яғни екі негіз болған кезде ғана жасалуы мүмкін процестік келісімнің екінші түрі орындалған жағдайда, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға қатысты ШМББ-ны қолдануға жол беретін норма көзделген:
1) саралау белгісі болған кезде – қылмыстық топта қылмыс жасау (ҰҚТ);
2) сыбайлас жемқорлық қылмыстардың аса ауыр құрамы бойынша (ҚК-ге сәйкес – бұл ҚК-нің 366-бабының төртінші бөлігі (аса ірі мөлшерде пара алу), ҚК-нің 367-бабының төртінші бөлігі (аса ірі мөлшерде пара беру), сондай-ақ ҚК-нің 450-бабының үшінші және төртінші бөліктері, 452-бабының төртінші бөлігі бойынша әскери қылмыстардың үш құрамы).
 
2. Сыбайлас жемқорлар үшін жазаны өтеу шарттары өзгертілді.
ҚК-нің 46-бабының бұрын қолданыста болған редакциясына («Бас бостандығынан айыру») сәйкес сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды қылмыстың ауырлығына қарамастан, сот дереу жазасын өтеу үшін ең төменгі қауіпсіздік ҚАЖ мекемесіне (колония-қоныстар деп аталатын) жіберуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлар үшін мұндай артықшылықты жағдай, колония-қоныста жазасын өтеу үшін, кемінде, екі жыл жабық үлгідегі түзеу мекемелерінде өткізу қажет болатын жалпы қылмыстары үшін сотталғандарға қарағанда, белгілі бір сыни пікір тудырды және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа жол беруге болмайтын жеңіл қатынасы туралы тұрақты қоғамдық пікір қалыптастырды.
Енді парақорлықтың ауыр құрамы үшін сотталғандар, ал бұл айтарлықтай (50 – ден 3000 АЕК-ке дейін) және ірі (3000-нан 10000 АЕК-ке дейін) мөлшерде пара алу және беру, құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның пара алуы, парақорлыққа бірнеше рет делдал болу жазасын өтеу үшін орташа қауіпсіз ҚАЖ мекемелеріне, ал аса ірі мөлшерде (10000 АЕК-тен жоғары) пара алған немесе берген адамдар - ең жоғары қауіпсіз ҚАЖ мекемелеріне жіберілетін болады.
Ал колония-қонысқа көшу үшін, енді аталған адамдар залалды өтеумен қатар, үлгілі мінез-құлықпен тағайындалған жазаның бір бөлігін орташа немесе ең жоғары қауіпсіздіктегі түзеу мекемелерінде өтеуі тиіс.
 
3. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілер мен пара алуға делдалдардың сыбайлас жемқорлық үшін жазасы қатаңдатылды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлық үшін жазасын қатаңдату ҚК-нің 361, 364, 365, 366, 369 және 370-баптарында мынадай саралау белгілерін енгізу арқылы іске асырылды:
- «құқық қорғау органы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық                      іс-әрекет жасауы»;
- «құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе судьяның ауыр жаза қолдануы».
ҚК-нің 361-бабына («Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану») қатысты:
Мысалға, ҚК-нің 361-бабының бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін санкция 2 жылға дейін құраса, енді құқық қорғау органдарының қызметкерлерін 2-1-бөлікке бөліп, лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған жағдайда полицейге, БП, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкеріне немесе ЭТҚ-ға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылады.
ҚК-нің 361-бабы үшінші бөлігіне сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың (оларға Парламент депутаттары, судьялар, саяси мемлекеттік қызметшілер және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жатады) лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкция көзделген.
Түзетулерге сәйкес құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Тиісінше, ҚК-нің 361-бабында көзделген, құқық қорғау органдарының мемлекеттік саяси қызметшілері мен судьялар жасаған қылмыс ауыр қылмыс санатына өтеді, бұл өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты прокурордың санкциясымен арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі - АЖІШ)  (адамды немесе орынды жасырын аудио-және (немесе) бейнебақылау; электр (телекоммуникациялық) байланыс желілері арқылы берілетін ақпаратты жасырын бақылау, ұстап алу және алу және т.б.) жүргізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды ШМББ-ға енгізілген тыйымға сәйкес, аталған адамдарды ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
ҚК-нің 364-бабына («Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу») қатысты:
ҚК-нің 364-бабының бірінші бөлігі бойынша мемлекеттік қызметшілер, лауазымды адамдар, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін санкция 1 жылға дейін болған, енді құқық қорғау органдарының қызметкерлерін бөлек 2-1 бөлікке бөліп, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқан жағдайда полиция қызметкері, БП, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет немесе ЭТҚ қызметкері 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаға тартылады.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 4 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
ҚК-нің 365-бабына («Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру») қатысты:
ҚК-нің 365-бабында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты ең жоғары санкция 2 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 7 жастан 8 жасқа дейін ұлғайтылды.
Сонымен қатар, кез келген мемлекеттік органда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен осы бап бойынша сотталған судьялардың колония-қоныста дереу жазасын өтеуге және жазаны өтеуге тыйым салу түріндегі салдары болады.
ҚК-нің 366-бабына («Пара алу») қатысты:
Жазаны қатаңдату жөніндегі аса маңызды заңнамалық түзетулердің бірі ҚК-нің 366-бабына енгізілген түзетулер болып табылады, ол ең «өтімді» бап болып табылады.
Мәселен, баптың бұрын қолданыста болған редакциясы бойынша тағайындалатын санкцияның мөлшері атқаратын лауазымына байланысты болмады. Санкциялардың градациясы тек пара мөлшеріне байланысты болды (қарапайым пара, айтарлықтай мөлшердегі пара, үлкен мөлшердегі пара, аса үлкен мөлшердегі пара).
Заңмен ҚК-нің 366-бабы құқық қорғау органы қызметкерінің, құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе судьяның пара алғаны үшін санкцияларды көздейтін                          1-1-бөлігімен толықтырылды.
Сыбайлас жемқорлықтың барлық субъектілері үшін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары санкция 5 жылға дейін (ауырлығы орташа қылмыс) құрайтын бірінші бөлікке қарағанда, 1-1-бөлік бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары санкция                       6 жылға дейін құрайды.
Тиісінше, енді құқық қорғау органы қызметкерінің немесе судьяның қарапайым пара (50 АЕК-тен аз) алуы ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып саналады, ал бұл әрекетті мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың басқа санаттарының жасауы орташа ауырлықтағы қылмыстарға жатады.
Өз кезегінде, қарапайым пара алуды ауыр санатқа ауыстыру судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін елеулі құқықтық салдарға әкеп соғады:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы                         4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІШ жүргізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды ШМББ-ға енгізілген тыйымға сәйкес, көрсетілген адамдарды ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырады;
- ҚК-нің 46-бабына («Бас бостандығынан айыру») енгізілген түзетулерге сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде (колония-қоныстарда) бірден жазасын өтеу мүмкіндігінің күшін жояды.
Тиісінше, ҚК-нің 366-бабының екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша сотталған адамдар колония-қоныста ШМББ-ға және жазасын өтеуге тыйым салу түріндегі осындай салдарға бірден ие болады.
ҚК-нің 369 және 370-баптарына қатысты:
ҚК-нің 369 (Кызметтік жалғандық) және 370-баптарында (Қызмет бойынша әрекетсіздік) құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты ең жоғары санкция 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды.
Құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға (бірінші басшылар, олардың орынбасарлары) және судьяларға қатысты санкция 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Тиісінше, ҚК-нің 369 және 370-баптарында көзделген, құқық қорғау органдарының мемлекеттік саяси қызметшілері мен судьялар жасаған қылмыс ауыр қылмыс санатына өтеді, бұл өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы                         4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІШ жүргізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды ШМББ-ға енгізілген тыйымға сәйкес, аталған адамдарды ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының парақорлыққа пара берушілер мен делдалдардың жауапкершілігін қатаңдату туралы тапсырмасын орындау үшін, 367 (Пара беру) және 368 (Парақорлыққа делдал болу) баптарда санкцияларды күшейту көзделген .
ҚК-нің 367-бабына («Пара беру») қатысты:
ҚК-нің 367-бабының бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза                     3 жылдан 5 жылға дейін, осы баптың екінші бөлігі бойынша (айтарлықтай мөлшерде пара беру) - 5 жылдан 7 жылға дейін ұлғайтылды.
Осылайша, айтарлықтай мөлшерде пара беру ауыр қылмыстар санатына өтеді, бұл өз кезегінде:
- «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Заңның 12-бабы 4-тармағына сәйкес күдіктілерге, айыпталушыларға қатысты АЖІІШ жүргізуге мүмкіндік береді;
- ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған адамдарды ШМББ-ға енгізілген тыйымға сәйкес, пара берушілерді ШМББ бойынша босату мүмкіндігінен айырады;
- ҚК-нің 46-бабына («Бас бостандығынан айыру») енгізілген түзетулерге сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде                  (колония-қоныстарда) бірден жазасын өтеу мүмкіндігінің күшін жояды.
Тиісінше, ҚК-нің 367-бабының 3 және 4-бөліктері бойынша сотталған адамдар дереу колония-қоныста ШМББ-ға және жазасын өтеуге тыйым салу түріндегі осындай салдарға ие болады.
Сонымен қатар, ҚК-нің 367-бабының барлық бөліктерінде бірнеше еселенген айыппұл мөлшері ұлғайтылды.
Анықтамалық:
бірінші бөлігі: «пара мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін» болса, «пара мөлшері 20 еседен 30 есеге дейін» болды;
екінші бөлігі: «пара мөлшері 20 еседен 30 есеге дейін» болса, «пара мөлшері 30 еседен 40 есеге дейін» болды;
үшінші бөлігі: «пара мөлшері 30 еседен 40 есеге дейін» болса, «пара мөлшері 40 еседен 50 есеге дейін» болды;
төртінші бөлігі: «пара мөлшері 40 еседен 50 есеге дейін» болса, «пара мөлшері 50 еседен 60 есеге дейін» болды.
368-бапқа («Парақорлыққа делдал болу») қатысты:
ҚК-нің 368-бабы бірінші бөлігі бойынша ең жоғарғы жаза 2 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылды, осы баптың екінші бөлігі бойынша (бірнеше рет не қылмыстық топ немесе адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған делдалдық) қолданыстағы санкция сақталды-6 жылға дейін.
Одан басқа, 368-баптың екі бөлігінде де еселік айыппұлдың мөлшері көбейтілді.
Анықтамалық:
бірінші бөлігі: «пара мөлшері 5 есе ден 10 есеге дейін» болса, «пара мөлшері 10 еседен 20 есеге дейін» болды;
екінші бөлігі: «пара мөлшері 10 еселенгеннен 20 еселенгенге дейін» болса, «пара мөлшері 20 еселенгеннен 30 еселенгенге дейін» болды.
Осылайша, іс-әрекет ҚК-нің 368-бабының екінші бөлігі бойынша және қазір де ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс болып табылады.
Бұл ретте ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған адамдардың бірден колония-қоныста ШМББ-ға және жазасын өтеуге тыйым салу түріндегі салдары болады.
 
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары, судьялар үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашу және оларды иелену, Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізілді.
Қаралып отырған шектеу қолданылатын адамдар лауазымға тағайындалған күннен бастап 6 ай ішінде, ал жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен судьялар (бұдан әрі – мемлекеттік қызметшілер) Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 6 ай ішінде (31.12.2020ж. бастап) Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетелдік банктердегі қолда бар шоттарды жабуға міндетті.
Бұл ретте, Заңда мемлекеттік қызметшілердің шетелдік банктерде шоттары болуға құқығы бар жағдайлар айқындалған, атап айтқанда: олар Қазақстан Республикасынан шет елдердегі мекемелерге, өкілдіктерге және халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген немесе шетелде оқып жүрген, немесе шетелде тағылымдамадан өткен, немесе шетелдік іссапарда болған немесе шетелде емделіп жүрген жағдайларда, немесе шетелде кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі ретінде не шетелдік банктердегі шот немесе қолма-қол ақша және басқа да құндылықтар мұраға қалдырылған кезде мемлекеттік қызметшінің немесе тиісті адамның жұмыс немесе оқу не емделу кезеңінде кәмелетке толған адамның қорғаншысы немесе қамқоршысы ретінде болады.
Тиісті мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап (мысалға, шетелдік іссапардан, оқудан және т.б. қайтарылған күннен бастап) немесе мұра қабылданған күннен бастап 6 ай ішінде мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жабуға және (немесе) шетелдік банктегі қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтауды тоқтатуға міндетті.
Егер мемлекеттік қызметші шет мемлекеттің құзыретті органдары салған қамаққа алуға байланысты немесе дүлей зілзалалар, әскери               іс-қимылдар, төтенше жағдай сияқты мән-жайларға байланысты шотты жаба алмаса, шот тыйым салуды қолдану тоқтатылған немесе өзге де мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап 6 ай ішінде жабылуы тиіс.
Осы орайда, егер мемлекеттік қызметші шетелдік банктегі шотты жабуды қаламаса және мемлекеттік қызметтен кетуге ниет білдірсе, онда ол шотты жабу үшін белгіленген мерзім ішінде өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш беруге құқылы.
Бұл норма мемлекеттік қызметшіні теріс себептер бойынша жұмыстан шығаруға жол бермеуге бағытталған, өйткені қолданыстағы тәртіп бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез келген шектеуді сақтамау мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша жұмыстан шығаруға әкеп соғады.
 
Екінші. Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналастыруға жол берілмейді деп бекітілген.
Осы түзету енгізілгенге дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға ғана қабылдауға тыйым салынды.
Осылайша, қазіргі уақытта бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам кез келген квазимемлекеттік сектор ұйымында кез келген лауазымға қабылдана алмайды.
Бұдан басқа Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес квазимемлекеттік сектордың қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда, онымен еңбек шарты бұзылуға жатады.
Бұл ретте Еңбек кодексінің 53-бабы 12-тармағына сәйкес, Еңбек кодексінің 52-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзу:
1) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі негізінде;
2) соттың заңды күшіне енген қаулысы немесе қылмыстық қудалау органының қылмыстық істі тармақтардың негізінде тоқтату туралы прокурор бекіткен қаулысы Қазақстан Республикасы                        Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде жүзеге асырылады.
Осылайша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған квазимемлекеттік сектор қызметкерімен еңбек қатынастарын тоқтату үшін сот үкімі ғана емес, сондай-ақ ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату да негіз болып табылады.