Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің мәліметіңізге 2016 жылғы 1 сәуірде Салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасын 3.120.006 нұсқасына дейін жаңарту жүргізілгендігін жеткізеді.
• Салық төлеушілер үшін СЕӨС клиенттік қосымшасы (жүктеу);
• Клиенттік қосымшаның жұмысы үшін қажетті жүйелік кітапханалар (жүктеу);
• Клиенттік қосымшаны орнату және баптау бойынша ескертпе (жүктеу);
• Клиенттік қосымшада жұмыс бойынша пайдаланушының басшылығы (жүктеу).
Клиенттік қосымшаның осы нұсқасында:
• «Алдағы (ағымдағы) күнтізбелік жылға жоспарлы қаржылық-шаруашылық қызмет көрсеткіштері туралы» 5 Нысан іске асырылған.
• 2016 жылғы 1 сәуірге дейін СК-дегі өзгертулерге байланысты «ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік» нысаны жетілдірілді.
• Бір салық кезеңінде жоюшыдан кейінгі кезекті нысанды беру кезінде 200.00, 910.00, 851.00 СЕН үшін төлеу мерзімін есептеу ережелері түзетілді.
• 2016 жылға ұзартылған, СЕН штрих-кодтарын жасау ережелері өзгертілді.
• Бос БЖК бар ОБДШ-дан жауап алған жағдайда СТК-дегі берешек туралы анықтаманы дұрыс бейнелеу іске асырылды.