Онлайн режимдегі фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы№ 1129 Қаулысына сәйкес 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есептік тіркеуге қою керектігін хабарлайды.
Бұл міндеттеме салық төлеушілердің келесі қызмет түрлерімен айналысатындарға туындайды:ағаш материалдарын, құрылыс материалдарын және сантехникалық жабдықтарды көтерме саудада сату, металл бұйымдарын, су құбырын және жылыту жабдықтары мен мүкәммалын көтерме саудада сату, компьютерлерді, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтымды бөлшек саудада сату, аудио және бейнетехниканы бөлшек саудада сату, тұрмыстық электр аспаптарын бөлшек саудада сату, жиһазды, жарықтандыру жабдықтары мен өзге де тұрмыстық керек-жарақтарды бөлшек саудада сату, қонақ үйлерде көрсетілетін қызметтердің ұсынуы, мейрамханалар және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер, кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет, шаштараздардың және сұлулық салондарының көрсетілетін қызметтердіұсынуы.
Жоғарыда көрсетілген нормалар, бірінші кезекте мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің салық төлеушілер мен байланысты азайту үшін енгізілді. Бұл кезде хронометражды зерттеу мен рейдтік тексеруге шығуға қажеті болмайды,тек серверге түсетіндердің мәліметтерін талдау жасап, жарамсыз салық төлеушілердің тізімін анықтау жеткілікті болады.
Бұл жаңалық, жоғарыда көрсетілген категориядағы салық төлеушілерге, тіркеу және мағұлмат көрсететін функциясы бар бақылау-кассалық машинасын пайдалануды міндеттейді.
Осылайша, жоғарыда көрсетілген машиналар мемлекеттік кірістер органдарына ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде жеткізіп тұрады.
ҚР Үкіметінің 29 желтоқсан 2014 жылғы № 1393 қаулысына сәйкес, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық қызметі органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға болып айқындалған. Бұл оператор жұмыс стеуді қамтамассыз етеді, яғни, БКМ мәліметтер деректерін серверге жолдайды.
Салық төлеушілерге техникалық қызмет көрсету орталығында фискалды тіркеушісі орнатылған БКМ алулары қажет. Сол жерден сим-картаға ие болуға болады. ФМО порталында ФМО келісіміне қол қою жолы бойынша қосылуға өтініш беріледі. Келісім шартқа отырғаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ клиенттің құрылғысын (модем) орнату және қосу жұмыстары жүргізіледі.
Әрі қарай, фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ мемлекеттік кірістер органдарына тіркеуге қойып, БКМ тіркеу кәртішкелерін алып, содан соң фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ порталына тіркеуге қойып, аппаратқа IDжәне токен алу қажет.
Содан кейін, салық төлеуші БКМ іске қосып (БКМ ID және токен қолданбаларға енгізу қажет), содан әрі БКМ чекті шығарып, қолдана береді. Ал БКМ өзі ақпараттарды ФМО серверіне жолдай береді.
Ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін Мемлекеттік кірістер органдарында фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ қолдануы қажет 546 салық төлеушінің ішінде 198 салық төлеуші ғана тіркелген, соның ішінде фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ өзі- 198, олардың 213 фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ өзі, соның ішінде оператордың порталында тіркелген 200 фискалдық мәліметтер операторына қосылған БКМ.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,ескертуді шығарғаннан кейін қайта тексеру барысында ақпараттарды жолдау функциясымен БКМ болмаған жағдайда «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексімен көрсетілген келесі шаралар: кіші кәсіпкерлік субъектісінен - 15 АЕК (МРП), орта кәсіпкерлік субъексінен - 30 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектісінен – 50 АЕК сомма көлемінде айыппұл өндірілетіндігін ескертеді.
Фискалдық жүйесі бар БКМ алмаған салық төлеушілердің тізімі, порталға қосылмаған салық төлеушілердің тізімі.